+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Кезекті онлайн-кеңес
15.10.2020
124

2020 жылғы 15 қазанында  Ы.Алтынсарин  атындағы ҰБА президенті  п. ғ. к., профессор Ж. О. Жылбаевтың төрағалығымен облыстық әдістемелік кабинеттердің/орталықтардың және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының басшылары мен тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлер қатысуымен кезекті онлайн-жиналыс өтті.

Күн тәртібіне сәйкес өңірлердегі педагогтар қауымдастығының қызметі туралы тақырыпты талқылау жалғастырылды. Маңғыстау облысының облыстық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директор м.а. – А. А. Қашкиновтың, Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы - Г.К.Кубашеваның есептері тыңдалды.

Тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығының директоры А.М. Мамырханова өңірлердегі ұсыныстар мен ұсынымдарды ескере отырып, «Сынып сағатын өткізу туралы» жобаның негізгі ережелерін атап өтті.

Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша әдіскерлер үшін қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыру және барлық деңгейдегі педагогтар қауымдастығының қызметін жандандыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

тізімге қайтып келу