+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Оқыту семинар-тренингі
15.10.2020
164

Ағымдағы жылдың 14 қазанында Жамбыл облысының оқу-әдістемелік кабинеті облыстың барлық аудандары мен мектептерінің әдістемелік қызметтері үшін «Мектеп жұмысын жоспарлаудың педагогикалық негіздері» тақырыбында оқыту семинар-тренингін өткізді.

Семинар жұмысы барысында жылдық оқу-тәрбие жоспарын жоспарлаудың негізгі бөлімдері кезең-кезеңімен белгіленіп, әдістемелік жұмыстың бағыттары көрсетілді.

Іс-шара соңында жұмыс қорытындысы шығарылып, спикер барлық сұрақтарға толық жауап берді. Жұмыста басшылыққа алу және қолдану мақсатында оқыту семинардың материалдары барлық қатысушылардың  электрондық поштасына жіберілді.

тізімге қайтып келу