+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Әдістемелік көмек көрсету
14.10.2020
132

2020 жылғы 9-13 қазан айы аралығындағы  Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау облыстарының және Алматы, Нұр-Сұлтан қ. әдістемелік кабинеттері/орталықтары аудандардың әдістемелік  қызметкерлерімен жұмыс кеңестерін өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының жиналысына қатысушылар үшін қашықтықтан оқыту жағдайында бірінші оқу тоқсанының аяқталуына қатысты мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірілді, сұрақтарға жауап берілді.

 Ақмола облысының Бұланды және Зеренді аудандарының әдістемелік кабинеттері онлайн жағдайда мектептердің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Батыс Қазақстан облысының қатысушыларымен педагогтар қауымдастығы қызметінің негізгі міндеттері мен миссиясын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ Борлы және Шыңғырлау аудандарында осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдады.

Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс кеңесі ерекше форматта өтті. Кеңеске қатысушылардың талқылауына 2 жоба ұсынылды: «Робототехника және бағдарламалау «(оқушыларға арналған элективті IT курстар) және «Ақылды сабақ». Бұл жобаларды іске асыру барысында үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында онлайн және офлайн режимінде оқытудың ең озық әдістемелік идеялары, тәсілдері мен нысандары жинақталатын Алматы қаласы білім басқармасы жанындағы орталық сайтының базасында белсенді жұмыс істейтін алаң құруды көздейді.

Атырау облысының жиналысына Құрманғазы атындағы және Исатай, Мақат аудандарының мектеп директорлары, директорларының орынбасарлары, есепшілер мен әдіскерлері қатысты (барлығы 112 адам).    Сұрақтардың басым бөлігі, кезекші сынып мұғалімдеріне ақы төлеуге, модератор санатын беруге, онлайн форматта курстардан өтуге және педагогтерді аттестаттауға қатысты болды. Облыстық әдістемелік орталықтың қызметкерлері нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулықтарға сілтеме жасай отырып, толық жауаптар мен түсініктемелер берді.

Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №8 мектеп-лицейінің базасында директордың оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында офлайн режимде оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру орталығының директоры Л.Р.Баимбетова  қатысты.

Мұндай жұмыс форматы барлық деңгейдегі әдістемелік қызметтермен өзара байланысты қолдауға, консультациялық көмек пен әдістемелік қолдау көрсетуге, ұйымдастыру мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

тізімге қайтып келу