+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Онлайн-жұмыс кеңестері
8.10.2020
114
Онлайн-жұмыс кеңестері

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарының әдістемелік кабинеттері/орталықтары аудандық бөлім  әдіскерлерімен кеңес өткізді.

Жергілікті жерлердегі кеңестер жұмыс жоспарына сәйкес және Ы. Алтынсарин атындағы қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс режимінде өтті. Барлық облыстар күн тәртібіне қашықтықтан оқыту жағдайда (онлайн-оқу платформаларының жұмысы, электрондық журналдарды толтыру, бағалау және т.б.) оқу процесі мәселелерін еңгізді.

Маңғыстау облысының онлайн-кеңесінің жұмысына инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры С.К. Исмагулова қатысты, ол өз сөзінде жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру мазмұнын әдіснамалық және оқу - әдістемелік қамтамасыз етудің ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру орталығының директоры Л.Р. Баимбетова жергілікті жерлерде педагогтар қауымдастығының қызметін жандандыруға назар аударды, көшбасшылар мен пән мұғалімдерін мәселелерді талқылауға және жұмыс чаттары беттерінде тәжірибе алмасуға шақырды.

тізімге қайтып келу