info@nao.kz
+7 7172 577 203
Жаңалықтар
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
23.04.2019
130
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗУДЕ.

Өткізілетін мерзімі: 2019 жылдың 21-22 мамыры.

Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» БО, 1-қабат, конференц-зал.

Семинар жұмысына негізгі спикерлер ретінде білім саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады.

Мақсатты топ: орта білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, біліктілікті арттыру институтының өкілдері және т.б.

Қатысуға өтінімдер ақпараттық хатта көрсетілген нысан бойынша      2019 жылғы 10 мамырға дейін мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: redactor.nao@gmail.com.

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға халықаралық сертификаттар беріледі.

тізімге қайтып келу
© Ресми сайт Ұлттық білім академиясы a. Ы.Алтынсарин
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы ,8, "Алтын Орда" бизнес орталығы, 15-16-қабат
тел.: 8(7172) 577203