info@nao.kz
+7 7172 577 203
Жаңалықтар
беру мазмұнын жаңартуды енгізу, беру мазмұнын жаңартуға көшуді нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларына көшу мәселелері талқыланған кеңес
3.04.2019
191
беру мазмұнын жаңартуды енгізу, беру мазмұнын жаңартуға көшуді нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларына көшу мәселелері талқыланған кеңес

2019 жылғы 2 сәуірде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «НЗМ» ДББҰ-мен бірлесіп білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу, беру мазмұнын жаңартуға көшуді нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларына көшу мәселелері талқыланған кеңеске қатысты.

Кеңесте Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж.О.Жылбаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Ж.Н.Әбділдина, академияның Үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының директоры М.Е.Мұқатова және тағы басқалар сөз сөйледі.

Кеңес барысында жалпы орта білім беру деңгейінің (10-11 сыныптар) білім беру мазмұнын жаңартуға көшудің өзекті мәселелері мен білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдау бойынша негізгі міндеттер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған оқу бағдарламаларына көшуді оқу-әдістемелікпен сапалы қолдауды қамтамасыз ету ұсынылды.

тізімге қайтып келу
© Ресми сайт Ұлттық білім академиясы a. Ы.Алтынсарин
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы ,8, "Алтын Орда" бизнес орталығы, 15-16-қабат
тел.: 8(7172) 577203