info@nao.kz
+7 7172 577 203
Жаңалықтар
Кәсіптік бағдарлау мәселесін талқылау және талдау бойынша кеңес
8.02.2019
132
Кәсіптік бағдарлау мәселесін талқылау және талдау бойынша кеңес

2019 жылдың 7 ақпанында Академия қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) ұйымдастырған кәсіптік бағдарлау мәселесін талқылау және талдау бойынша кеңесіне қатысты. Кездесуге ҚР ҰКП, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті, «Qazproftec» ЖШС өкілдері қатысты.

Кездесу барысында мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау және кәсіптік диагностикалау мәселелері талқыланды. Кәсіптік бағдар беру, талдау және қажетті мамандықты болжау бойынша BAGDAR.KZ сайтының  Бірыңғай ақпараттық жүйесі таныстырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар жасалды.

тізімге қайтып келу
© Ресми сайт Ұлттық білім академиясы a. Ы.Алтынсарин
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы ,8, "Алтын Орда" бизнес орталығы, 15-16-қабат
тел.: 8(7172) 577203