Жаңалықтар

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы
28.12.2018
131
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы

2018 жылғы 27 желтоқсанда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми кеңесінің кеңейтілген XIII отырысы өтті, онда 2018 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды. Атқарылған жұмыс туралы Президент, вице-президент, ғалым хатшы және Академияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары есеп берді.

Академияның құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу жұмысындағы оң үрдістер атап өтілді: өткен жылмен салыстырғандағы  жарияланған ғылыми мақалалар саны, оның ішінде нөлдік емес импакт – факторы бар ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар да бар, сондай-ақ Академия ұйымдастырған конференцияларға шетелдік қатысушылардың үлесі артты.

Баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер Академия әзірлеген білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша, инклюзивті білім беру, үш тілді білім беру, шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар республика бойынша практик-мұғалімдер арасында сұранысқа ие екенін атап өтті.

Ғылыми кеңес мүшелері мен Академия қызметкерлері академияның 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын талқылауға белсенді түрде қатысты.

Ғылыми кеңес жұмысы аяқталғаннан кейін академия қызметкерлеріне ҚР БҒМ құрмет грамоталары мен Академияның алғыс хаттары табыс етілді.

тізімге қайтып келу