info@nao.kz
+7 7172 577 203
Жаңалықтар
«Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» форумы
21.12.2018
126

2018   жылдың 19-20 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» атты облыстық форум өткізілді.  Форумның мақсаты – «балабақша – мектеп – колледж»  жүйесінде бірыңғай білім беру ортасын құру контекстінде үш тілде білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету.    

19 желтоқсан күні форум аясында   жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың мұғалімдері арасында «Үш тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, мұғалімдердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі, меңгеру деңгейін, кәсіби шеберлігін, педагогикалық біліктілігін анықтау.

Байқау жүлдегерлері келесі номинациялар бойынша анықталды:

Ø    «Жалпы орта білім беретін ұйымдардың ең үздік үш тілді меңгерген мұғалімі - 2018»;

Ø    «Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың ең үздік үш тілді меңгерген мұғалімі - 2018».

Байқауға физика, химия, биология және информатика мұғалімдері тарапынан 14 педагог, ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан 13 педагог қатысты.

2018 жылдың 20 желтоқсанында  «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» облыстық форумы өткізілді.

Форумның мақсаты – «балабақша – мектеп – колледж» жүйесінде бірыңғай білім беру ортасын құру  контексінде  үш тілде білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету.

Форум жұмысы барысында педагогикалық шеберлік көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде техникалық және кәсіптік,жалпы білім беретін, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің әдістемелік материалдары, электрондық оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері, терминологиялық сөздіктері ұсынылды.

Форумның  пленарлық  отырысында   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы, үштілді білім беру кураторы Шолпан Еслямбекқызы Қасымоваға және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үш тілде білім беру орталығының директоры Сара Сейітқызы Жұмановаға алғы сөз берілді. USTAZ кәсіптік жетілдіру орталығының өкілі Д. Б. Мусатаев облыс мектептерінің мұғалімдеріне курсаралық қолдау көрсетудің алдағы қадамдарымен таныстырды. Сонымен қатар, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының МД және ЖОББ бойынша орынбасары Б.Х.Абдикерова, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының ТжКБ жүйесі бойынша орынбасары Д.С.Асакаева және мектепке дейінгі білім беру әдіскері А.Д.Бугубаева сөз сөйледі. Олар "балабақша – мектеп – колледж" жүйесіндегі үштілді білім берудің қазіргі жағдайымен таныстырды.

Форумның екінші бөлімінде мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне  панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптар, тренингтер ұйымдастырды.

Форум қорытындысы бойынша ұсынымдар талқыланды және әзірленді. 

тізімге қайтып келу
© Ресми сайт Ұлттық білім академиясы a. Ы.Алтынсарин
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы ,8, "Алтын Орда" бизнес орталығы, 15-16-қабат
тел.: 8(7172) 577203