info@nao.kz
+7 7172 577 203
Жаңалықтар
2018 жылдың «Үздік ресурстық орталығы» атты Үшінші Республикалық байқау
27.11.2018
115
2018 жылдың «Үздік ресурстық орталығы» атты  Үшінші Республикалық байқау

2018 жылғы 23 қарашада Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ресурстық орталықтардың озық тәжірибелерін тарату мақсатында Жамбыл облысының білім беру басқармасының әдістемелік кабинетімен бірлесіп шағын жинақты мектептердің жұмыс істеуінің өзекті мәселелері бойынша республикалық семинар өткізді және «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсын қорытындылады.

Семинар аясында шағын жинақты мектептердің директорлары мен еліміздің әдістемелік кабинет/орталықтарының мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге келесі: М.У. Мұқашева - Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми хатшысы, Г.С. Құдайберген - Шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының директоры, Ж.Е. Бекбатырова - Жамбыл облысының білім басқарма басшысының орынбасары қатысты. Сонымен қатар Байзақ және Жуалы аудандарының тірек мектептерін аралады.

Республикалық конкурс екі кезеңде өткізілді:

І кезең – облыстық, 15 қазанға дейін өткізілді, онда облыстық конкурстың жеңімпаздары анықталды; 

ІІ кезең – республикалық 31 қазанға дейін өткізілді. Еліміздің ең үздік ресурстық орталықтары анықталды. Республикалық конкурсқа қатысуға «Үздік ресурстық орталық» конкурсының облыстық кезеңінің 15 ресурстық орталықтан жеңімпаздары жіберілді:

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеті ресурстық орталық анықталды. Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодар облысы Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталығы);

Екінші орынды Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Керней ауылы «Керней  жалпы орта білім беретін тірек-мектебі (ресурстық орталығы)» және Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Ақкемер» ресурстық  орталығы және Екібастұз қаласы №22 мектеп-гимназиясы (ресурстық орталық);

Үшінші орынды Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№25 Ақтөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)», Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка ауданы Воскресеновка ауылы «Воскресеновка жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталығы)» және Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы «Мектеп-лицейі (ресурстық орталығы)» иеленді.

Конкурс қатысушылары келесі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:

«Әлеуметтік әріптестік және ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша үздік ресурстық орталық»Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы«№10 жалпы типтегі мектеп интернаты»;

«Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың үздік ресурстық орталығы»- Қостанай облысы Федоров ауданы «Димитров атындағы №1 орта мектебі»;

«Тәрбие және білім» номинациясы бойынша ең үздік ресурстық орталық -  Алматы облысы Ақсу ауданы «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен».

Байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен, ал номинантар мен конкурсқа қатысушылар – грамоталармен, сертификаттар және кітаптармен марапатталды.

тізімге қайтып келу
© Ресми сайт Ұлттық білім академиясы a. Ы.Алтынсарин
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы ,8, "Алтын Орда" бизнес орталығы, 15-16-қабат
тел.: 8(7172) 577203