Жаңалықтар

Білім алушыларды «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында тәрбиелеудің Тұжырымдамалық негіздері жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы
24.11.2018
138
Білім алушыларды  «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге  асыру жағдайында тәрбиелеудің Тұжырымдамалық негіздері жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы

2018 жылдың 20 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының базасында (бұдан әрі - Академия)  білім алушыларды  «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын (бұдан әрі - жоба) жүзеге  асыру аясында тәрбиелеудің Тұжырымдамалық негіздері жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді. 

         Бұл құжат білім жүйесінің барлық деңгейлерінде  жаңартылған білім мазмұнының басымдықтарын белгілеп, ел өміріндегі іргелі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді көрсетеді.

       Жұмыс тобының мүшелері жобаның мазмұнына ұсыныстар мен толықтырулар енгізді.

       Жұмыс тобының отырысына Академияның тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығының қызметкерлері қатысты.

тізімге қайтып келу