info@nao.kz
+7 7172 577 203
Жаңалықтар
«Жаңартылған орта білім мазмұнын педагогикалық профильдегі білім беру бағдарламаларына интеграциялау» атты семинар
20.11.2018
140

2018 жылғы 15-16 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бас ғимаратының конференц-залында «Жаңартылған орта білім мазмұнын педагогикалық профильдегі білім беру бағдарламаларына интеграциялау» атты семинар өтті.

Жаңартылған орта білім мазмұны тұрғысынан 6B01-7М01-8D01Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша кадрлар даярлаудағы білім беру бағдарламаларын дайындаушыларға арналған семинарға Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің 6B01-7М01-8D01Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша кадрлар даярлайтын Оқу-әдістемелік бірлестігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, НЗМ ДББҰ және еліміздің жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Баяндамашылар келесі мәселелерді талқылады:

- орта білім беру мазмұнын жаңарту тәсілдері;

- жалпы орта білім беретін мектептердің МЖМБС және оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны;

- білім алушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау жүйесін ендіру;

- орта білім беру мазмұнын жаңарту тұрғысынан оқыту әдістемесі;

- білім берудің жаңартылған мазмұны компоненттерін педагогикалық мамандықтардағы білім беру бағдарламаларына интеграциялау т.б.

ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан семинарға Академияның вице-президенті, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алмагүл Кеңесханқызы Мұхамедханова, Үштілді білім орталығының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ләйля Сарқытовна Сырымбетова қатысты.

А.К.Мұхамедханова және Л.С.Сырымбетова баяндамаларында білім берудің жаңартылған мазмұны компоненттерін білім беру бағдарламаларының модульдеріне және оқу нәтижелеріне  интеграциялау мәселелеріне тоқталды.

Семинарға Академияның Үздіксіз педагогикалық білім орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Жібек Қайроллақызы Исаева және Үштілді білім орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Толқын Қорабайқызы Бәлкен қатысты.

Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

тізімге қайтып келу
© Ресми сайт Ұлттық білім академиясы a. Ы.Алтынсарин
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы ,8, "Алтын Орда" бизнес орталығы, 15-16-қабат
тел.: 8(7172) 577203