Жаңалықтар

блыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының облыстық әдістемелік кабинеттер/орталықтар басшылары мен әдіскерлеріне арналған сапарлық республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы
15.11.2018
138
блыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының облыстық әдістемелік кабинеттер/орталықтар басшылары мен әдіскерлеріне арналған сапарлық республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы

2018 жылғы 12 қарашада Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы базасында облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының облыстық әдістемелік кабинеттер/орталықтар басшылары мен әдіскерлеріне арналған сапарлық республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Павлодар облысының білім басқармасы, Павлодар облысының білім басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы. 

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім академиясының вице-президенті Мұхамедханова Алмагүл Кеңесханқызы  және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім беру мазмұнын әдіснамалық қамтуды үйлестіру орталығының директоры Құдабаева Қарлығаш Есімқызы қатысты. 

Оқу-әдістемелік кеңес отырысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру сапасын арттыру сұрақтары, мектепті басқару жүйесін жетілдіру, Павлодар облысында үш тілді білім беруді дамыту, жалпы орта білім беретін мектептерде IT білім беруді енгізу, жеке тұлғаныңжан-жақты дамуы үшін қосымша білім беру ресурстарын қолдану, оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандыру, ауылдық мектеп жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу ерекшеліктері, сондай-ақ, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында әдістемелік қызметті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. 

Сапарлық республикалық оқу-әдістемелік семинар 13 қараша күні «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» базасында «Инновациялық менеджмент – білім беру сапасын арттыру негізі» атты республикалық семинармен жалғасты. Семинар жұмысына облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының облыстық  әдістемелік кабинеттер/орталықтар басшылары мен әдіскерлері қатысты. 

Семинарда Павлодар облысының әдістемелік қызметінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Қатысушылардың таныстырылымдарында қалалық әдістемелік қызметтің, аудандық желілік қоғамдастық қызметінің ұйымдастырылуына баға берілді, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу тәжірибесі ұсынылды, қалалық және ауылдық мектеп жағдайында педагогикалық үдерісті басқарудағы инновациялық менеджмент, шекаралас мектептердің қызметтестігі, білім беру сапасын арттыруда қосымша білім беру ресурстарын пайдаланудың бағасы берілді. 

Павлодар қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының және «Өрлеу» БАҰО тренерлері «Білім берудегі көшбасшылық – мектепті басқарудағы заманауи амалдардың бірі» атты тақырыпта әдістемелік студия ұйымдастырды. 

тізімге қайтып келу