info@nao.kz
+7 7172 577 203
Жаңалықтар
Астана қаласындағы арнайы білім беру саласындағы педагогтерге арналған семинар
29.10.2018
127

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі, инклюзивті және арнайы білім беру басқармасымен бірлесіп, 2018 жылғы 24 қазан күні Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінде жаңартылған білім мазмұны аясында Астана қаласының арнайы білім беру педагогтеріне арналған  семинар өткізді.

Семинарға білім басқармасының арнайы білім беруге жетекшілік ететін мамандары, жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптардың қызметкерлері, арнайы мектептер мен мектеп-интернаттардың басшылары мен педагогтері қатысты.

Семинардың мақсатыарнайы білім берудің нормативтік құқықтық актілерін түсіндіру, жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың білім беру процесіндегі өзекті мәселелерін талқылау болды.

Семинарды ҚР БҒМ Мектепке дейінгі, инклюзивті және арнайы білім беру басқармасының басшысы Кудеринова Айкерім Мерекеқызы ашты. Білім берудің жаңартылған мазмұнының нормативтік, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін, критериалды бағалау жүйесінің мәселелері бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығының директоры С.Исмагулова, аға ғылыми қызметкерлері  Ж.М.Қайркенова мен Б.K.Сартаевалар сөз сөйледі.

Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларғақысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу бойынша Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейдің оқу ісі бойынша директордың орынбасары Ш.М.Раш, Астана қаласындағы № 65 мектеп-гимназиясының арнайы сыныптардағы математика пәнінің мұғалімі Г.М.Мырзабаева, жаңартылған білім мазмұны жағдайында журнал толтырудың ерекшеліктері туралы Астана қаласындағы №69 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі М.Шайжановалар тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар сұрақтар қоюға, пікір алмасуға және ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Семинардың қорытындысы бойынша Астанадағы арнайы мектептердің, мектеп-интернаттардың, жалпы орта білім беретін мектептердің арнайы сыныптарының мұғалімдері үшін осындай семинарларды тұрақты түрде өткізу ұсынылды.

тізімге қайтып келу
© Ресми сайт Ұлттық білім академиясы a. Ы.Алтынсарин
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы ,8, "Алтын Орда" бизнес орталығы, 15-16-қабат
тел.: 8(7172) 577203