Вопрос-ответ

Вы находитесь в рубрике «Вопрос-ответ» официального интернет-ресурса Национальной академии образования имени И.Алтынсарина.

Обращаем ваше внимание на то, что вопрос не должен быть задан в оскорбительном тоне, с использованием нецензурных выражений. Вопрос следует изложить лаконично и по существу.

Вопрос, содержание которого не может быть достоверно и корректно понято из-за большого количества орфографических ошибок, сокращений и аббревиатур, не рассматривается.

Редакция сайта имеет право удалять вопросы, не соответствующие вышеизложенным требованиям, без предоставления на них ответов.

Прежде чем задать вопрос просим вас посмотреть на какие вопросы были ответы, может вы найдете ответ на свой вопрос.

Айнаш Жақсылыққызы Танирбергенова
27 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Сәлеметсіздер ме! 7 сыныпқа ОМЖ және ҚМЖ қайдан алуға болады? Қазақ лілі мен әдебиет пәндеріне. Cіздер берген сілтемеде барлық пәндер бар және 5 сыныпта бар, ал 7 сынып жоқ.Жиынтық бағалау бар, қалыптастырушы бағалаудың жиынтығы жоқ.
Ответ
Сәлеметсіз бе, Айнаш Жақсылыққызы! Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу жылына ұзақ мерзімді жоспар дайын түрінде жіберілді, оның негізінде әр тоқсанға орта мерзімді жоспарды, күнделікті сабаққа қысқа мерзімді жоспарды мұғалімдер тобы немесе әр мұғалім өзі жүзеге асырады. Критериалды бағалау бойынша нақты жауап алу үшін сұрағыңызды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының Педагогикалық өлшемдер орталығына (cpi-nis.kz) жолдауыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет.
Виктория Анатольевна Ульянова
27 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Здравствуйте. На вашем сайте размещены "Методические рекомендации для учителей по проведению суммативного оценивания достижений обучающихся 5-х классов". А где можно познакомиться с такими же рекомендациями, но для 7-го класса? Спасибо.
Ответ
«Методические рекомендации в помощь учителям 5-х классов по проведению суммативного оценивания достижения обучающихся» разработала НАО имени И. Алтынсарина. В данных рекомендациях представлены нормативные правовые акты, механизмы и процедуры суммативного оценивания. А для оказания методической помощи учителям, которые переходят на обновленное содержание образования, Автономной организацией образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» разработан Системно-методический комплекс (СМК), который представлен на сайте НИШ (выход по ссылке smk.edu.kz. Спасибо.
Асель Сабиоллаевна Елеуова
26 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Здравствуйте! Можно задать такой вопрос: в журналах бумажных, которые были выпущены по обновленной программе как заполнять первый лист после оглавления. Причина в том, что по оглавлению идет первый казахский язык, вторым каз.литература, третьим русс.яз, четвертым русс.литератураЭ, и лишь 8 пунктом казахский язык и литература. Дело в том, что по новой программе казахский язык и литература сейчас не разделяются. Раньше всегда писали первым казахский язык и так далее, как быть сейчас. Школа мы с русским языком обучения. Следующим вопрос состоит в следующем: для записи темы в журнале новом отведена графа, которая по-новому стала короче, но шире немного. Теперь мы тему записываем в две строчки или в одну строчку, но тогда все вообще не поместится (по нормам необходимо первое слово писать без сокращений, а по новому это невозможно). Пожалуйста, ответьте на мой вопрос.
Ответ
Здравствуйте, Асель Сабиоллаевна! Ответ на Ваш вопрос находится в компетенции Управления образования.
Нагимова Марденовна Гүлсезім
26 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Сәлеметсіздер ме! 2016-2017 оқу жылғы Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды қай жерден ала аламын, ссылкасын көрсетсеңіз? 6,8,9 сыныптар үшін. Өзімде бары қате болып тұр.
Ответ
Сәлеметсіз бе, Гүлсезім Марденқызы! Бұл сұрағыңыз мектепте әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылуы тиіс.
Гульсум Садыковна Смагулова
26 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Сәлеметсіздер ме! Мен 2 сынып ұстазымын. Сыныбымда зпр бір оқушы үйде оқытылады. Соған байланысты мен күнтізбелік құру кезінде қиындық кездесіп тұр. Мен жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты күнтізбелік құруым керек пе? Бөлім бойынша бағаланады ма? Әлде арнайы дайындалған дайын күнтізбелік бар ма? Қай жерден алуға болады? Және Психологиялық түзету сабақтарын да мен жүргіземін. Түзету сабағының да күнтізбелігін қайдан алуға болады? Өзім құрастыра аламын ба? Көмектеріңіз қажет болып тұр! Нақты сілтеме жіберсеңіздер екен.
Ответ
Сәлеметсіз бе, Гульсум Садыковна! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» 19-тармағына сәйкес инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, оның ішінде үйде оқытылатын балалар жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін. Ал 20-тармақта оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатыны атап көрсетілген. Үлгілік оқу жоспарының вариативті бөлімінің пәндері (оның ішінде түзету пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, сондай-ақ білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу кезінде үйде білім алушы үшін «жеке оқу жұмыс бағдарламасын» әзірлеу ұсынылады. Үйде оқытылатын оқушылардың пәндік білім мазмұны жалпы білім беру пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен, қажет болған жағдайда білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, кемістіктің күрделілігін, ерік-жігер саласының ерекшеліктерін, сырқаттың жүру сипатын есепке ала отырып жасалған үлгілік оқу бағдарламалардың негізінде әзірленген жеке оқу жұмыс бағдарламасымен анықталады. Үлгілік оқу бағдарламаларының (немесе жеке оқу жұмыс бағдарламалар) негізінде мұғалімдер әрбір пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлейді, ол әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланады және мектеп басшысымен бекітіледі. Толығырақ мәліметті Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдарынан» келесі сілтеме арқылы алуға болады: http://nao.kz/blogs/fromcat/0?categories
Галина Алексеевна Евдокимова
25 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Я из города Костанай. Сегодня, 25 сентября, нам прислали протокол № 2 заседания городского методического объединения учителей русского языка и литературы по теме «Количество письменных и контрольных работ по предмету русский язык и литература». К протоколу прилагается таблица "Сетка часов по классам и количество письменных контрольных работ по календарно-тематическому планированию на 2017-2018 учебный год (В классах с русским языком обучения)". Расписано в частности, какие работы и сколько я должна проводить в 7 классе. Цитирую. "Русский язык. Количество часов - 102. Количество проверяемых письменных работ:СОР-8, СОЧ-4, ФО: диктантов – 4, ФО: изложений -2, ФО: эссе - 4. Проверка рабочих тетрадей:51. Общее количество проверяемых работ за год: 63". Либо я считать не умею, либо здесь что-то не так. Или ФО не проверяется? Я совершенно перестала понимать после этих норм, как мне вести уроки. В рекомендуемых сборниках по ФО один (!) диктант. И такого количества изложений и эссе нет. И вообще ФО - часть урока, а на диктант уйдет практически весь урок. Дальше. Цитирую оттуда же. "Русская литература. Количество часов - 68. Количество проверяемых письменных работ:СОР-8, СОЧ-4, ФО: сочинений – 4, ФО: эссе - 4. Проверка рабочих тетрадей:30. Общее количество проверяемых работ за год: 34". Тут я вообще не понимаю, откуда общее число взялось. Надо ли говорить, что с рекомендуемыми сборниками ФО это никак не согласуется. У меня нагрузка 10 часов. Оплачивается мне за проверку тетрадей (25%) 5,7 недельной ставки (это уже из расчётного листка за сентябрь). Как вообще согласуется это жуткое количество проверяемых работ и мизерная оплата? Или господа считают, что я проверяю работу у одного учащегося, а не у пятидесяти?! И последнее. Всё это будет контролироваться, хотя по правилам мы работы ФО и не храним, и не предоставляем по ним отчётности. Я ведь ничего не перепутала? А вот выдержка из того же протокола: "Рекомендации: 1.1. Руководителям школьных МО, приняв к сведению следующую норму письменных работ и разбивку сетки часов по каждому классу, рассмотреть на заседаниях школьного МО , принять к сведению в практической деятельности педагогов. 1.2. Обратить внимание на рекомендованную норму письменных работ для формативного оценивания в 5 и 7 классах. 1.3. Руководителям школьных МО взять на контроль выполнение и проверку всех письменных работ". Вопрос: эта странная инициатива местной власти или это директива министерства? И может ли цент разобраться в сложившейся ситуации?
Ответ
Здравствуйте, Галина Алексеевна! Учитель при проведении оценивания должен обязательно использовать комплекс методических материалов, которые разработаны не только в помощь учителям, но и родителям и обучающимся:  Типовые правила проведения текущего контроля успеваемости промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования (Приложение к приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125, апрель 2017 года);  Инструктивно-методическое письмо «Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах Республики Казахстан в 2017-2018 учебном году»;  Руководство по критериальному оцениванию для учителей начальной школы;  Сборники заданий для формативного оценивания в разрезе классов, предметов и языков;  Сборники заданий по сумммативному оцениванию в разрезе классов, предметов и языков;  Методические рекомендации по суммативному оцениванию в разрезе классов, предметов и языков. Методические руководства, сборники и другие материалы имеются в школьных библиотеках, их можно найти на сайтах nao.kz, smk.edu.kz. По всем возникающим вопросам всегда можно найти ответ, обратившись к своему руководству, методистам, координаторам по критериальному оцениванию. Ответ на Ваш вопрос находится в компетенции управления образования.
Назира Ермухановна Дюсембинова
25 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Сәлеметсіз бе, мен 7-сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Біздің қазіргі тағдағы ең өзекті мәселеміз- күнтізбелік тақырыптық жоспар болып отыр. Біз оқу бағдарламасы мен оқу жоспарын басшылыққа ала отырып, оқушыларға берілген оқулық "Мектеп" баспасының оқулығы болғандықтан, осы баспаның мұғалімге арналған нұсқаулығында көрсетілген күнтізбелік тақырыптық жоспармен жұмыс істей аламыз ба? Сонымен қатар, осы мұғалімге арналған нұсқаулық оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген бөлімнің атауларымен сәйкес келеді. Тек бөлім ішіндегі сағаттарға бөлінген тақырыптар НИШ-тің әзірлеген КТЖ-нан өзгешелеу. Бұл баспаның әзірлеген мұғалімдерге арналған нұсқаулығымен жұмыс істеу бізге қолайлы. Оқу мақсаттары да сәйкес келеді.
Ответ
Сәлеметсіз бе, Назира Ермуханқызы! Егер «Мектеп» баспасының әзірлеген күнтізбелік-тақырыптық жоспары жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында берілген бөлімдермен және оқу мақсаттарымен сәйкес келетін болса, қолдануға болады. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
мұрат Бухабай бухабай
25 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
сәлеметсіздер ме менің сіздерден сұрайын дегенім жаңартылған бағдарлама бойынша Көркем еңбек пәнінен 5. 7 сыныптарға қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүргізілеме?
Ответ
Сәлеметсіз, Мұрат Бұхабай! «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатта нақты жазылған. Мына nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан толық мәлімет аласыз. «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы қойылады. Дене шынықтыру пәнінен әр тоқсанның және оқу жылының соңында, ал қалған үш пәннен жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы журналға қойылады. Рахмет.
Толкын Кайратовна Мухамеджанова
25 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Сәлеметсіздер ме?«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1-4,5-11 сыныптар қайдан алуға болады 2017-2018 жылғы.
Ответ
Құрметті Толқын Қайратқызы! Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінің «Өзін-өзі тану» пәніне арналған оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының nao.kz сайтынан алуға болады.
Алма Кайратовна Темирболатова
25 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Қайырлы күн. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудан кейін рубриканы, оқушыларға берілетін жазбаша кері байланысты қандай түсті қаламмен (қызыл ма, жасыл ма) жазу керектігі туралы айтасыз ба? Әдістемелік нұсқау хатта бұл туралы жазылмаған. Алдын ала рақмет.
Ответ
Сәлеметсіз бе, Алма Қайратқызы! Критериалды бағалау бойынша нақты жауап алу үшін сұрағыңызды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының Педагогикалық өлшемдер орталығына (cpi-nis.kz) жолдауыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет.
Аманжол Загипарович Мухамажитов
23 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
СәлеметсіздермеІ Тарих пәнінен 5,7 сыныптарда жаңартылған білім беру бойынша smk- да берілген ҰМЖ,ОМЖ -лар мектепке келген оқулықпен мүлде сәйкеспейді. ОМЖ құрғанда "Атамұра" оқулығының мазмұнындағы тақырыптарды арқылы құрамыз ба? екінші сұрақ журналға қайсысын жазамыз бұрынғыдай оқулықтағы тақырыптарды ма әлде ҰМЖ дағы тақырыптарды ма? Жалпы қол байлау болып тұрған мәселе бағдарлама т.б. құжаттар оқулықпен сәйкес келмесе қалай жұмыс жүргіземіз? Оқулықпен оқу мақсаттары сәйкес келмейді
Ответ
Құрметті Аманжол Загипарович! Жалпы білім беретін мектептердің 5-ші және 7-ші сыныптарына арналған оқулықтар Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Қосымша талқылаудың қорытындысы нәтижесінде 5-ші, 7-ші сыныптар үшін пәндер бойынша оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес барлық практик-мұғалімдер 5-ші, 7-ші сыныптарға арналған 2016 жылғы бағдарламаны енгізілген өзгерістерімен бірге басшылыққа алулары керек. Оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен қосымшалар төменде келтірілген. Қазақстан тарихы. 5-сынып. Мынадай оқыту мақсаттары түзетілді. 1)«Әлеуметтік қатынастардың дамуы» бөлімінде: –5.1.1.2 - Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпатын анықтау; 2) «Мәдениеттің дамуы» бөлімінде: - 5.2.2.4 - Есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау; 3)«Мемлекеттің дамуы» бөлімінде: –5.3.1.2 - ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру –5.3.2.1 - Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау. 7-сынып (6-шы сыныпқа арналған жаңартылған бағдарлама). 1) Базалық білім мазмұнына «Әмір Темір жорықтары», «Ноғай Ордасы» тақырыптары қосылды. 2) «Мемлекеттің дамуы» бөлімінде оқу мақсаттары түзетілді: –6.3.1.2 - VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; –6.3.1.3 -X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; –6.3.2.2 -ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау. 1. Дүниежүзі тарихы. 5- сынып. Ұзақмерзімді жоспардағы тақырыптар түзетілді. Соңғы өңделген нұсқасы: 2 В бөлімі- Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі. Тақырып: 1) «Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен басым болды?», «Ежелгі сауда орталығы ретіндегі Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды??». 2) 3 А бөлімі- Ежелгі Қытай. Тақырып: «Ежелгі Қытайдың қандай ғылыми жаңалықтары бүгінгі күнге дейін жетті?». 3) 3 В бөлімі - Ежелгі Грекия. Тақырып «Ежелгі Грекия өркениеті бастауын қайдан алады?», «Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды?». 4) 3 Сбөлімі- Ежелгі грекия мәдениеті. Тақырып: «Ежелгі Грекия өнері қандай болды?». 5) 4 Абөлімі- Рим империясының гүлденуі. Тақырып: «Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениет арқылы қалай айқындалады?»; 6) 4В бөлімі- Рим дәуірлер тоғысында. Тақырып: « І-ІІІ ғасырларда Рим империясы қалай дамыды», «IV-V ғасырларда Рим империясы қалай өзгерді?». 7-сынып (6-сыныпқа арналған жаңартылған бағдарлама). Ұзақмерзімді жоспардағы тақырыптар түзетілді. Соңғы өңделген нұсқасы: 1) 2 А бөлімі– Крест жорықтары. Тақырып «Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды?». 2) 2 Вбөлімі– Моңғолдар. Тақырыптар: «Моңғолдар әлемдік империяны қалай құрды?», «Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті?». 3) 2 С бөлімі –XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам. Тақырыптар: «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма?, Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды?». 4) 3 В бөлімі– Сауда, қолөнер және әлемді игеру. Тақырыптар: «Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде?», «Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?». 5) 4 А бөлімі– Қайта өрлеу дәуірі. Тақырып: «Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?». Сонымен бірге, жоғарыда берілген түсіндірме Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының nao.kz сайтында да орналастырылған.
Айнур Бақытжанқызы Бектурған
23 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Сәлеметсіздер ме!Мен үйден оқитын 5-сынып оқушысына қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен сабақ беремін. Биыл бесінші сынып жаңартылған білім бағдарламасына көшті. Екі пәннен аптасына бір сағат берілген. Күнтізбелік жоспарды Жалпы мектеп бағдарламасына қарап өзім жасаймын ба?
Ответ
Сәлеметсіз бе, Айнур Бақытжанқызы! Үйде оқытылатын оқушылардың пәндік білім мазмұны жалпы білім беру пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен, қажет болған жағдайда білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, кемістіктің күрделілігін, ерік-жігер саласының ерекшеліктерін, сырқаттың жүру сипатын есепке ала отырып жасалған үлгілік оқу бағдарламалардың негізінде әзірленген жеке оқу жұмыс бағдарламасымен анықталады. Үлгілік оқу бағдарламаларының (немесе жеке оқу жұмыс бағдарламалар) негізінде мұғалімдер әрбір пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлейді, ол әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланады және мектеп басшысымен бекітіледі. Толығырақ мәліметті Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдарынан» келесі сілтеме арқылы алуға болады: http://nao.kz/blogs/fromcat/0?categories

первая 1 2 3 4 127 последняя

Captcha