ЦЕНТР РАЗВИТИЯ МАЛОКОМПЛЕКТНЫХ ШКОЛ

Вопрос-ответ

Вы находитесь в рубрике «Вопрос-ответ» официального интернет-ресурса Национальной академии образования имени И.Алтынсарина.

Обращаем ваше внимание на то, что вопрос не должен быть задан в оскорбительном тоне, с использованием нецензурных выражений. Вопрос следует изложить лаконично и по существу.

Вопрос, содержание которого не может быть достоверно и корректно понято из-за большого количества орфографических ошибок, сокращений и аббревиатур, не рассматривается.

Редакция сайта имеет право удалять вопросы, не соответствующие вышеизложенным требованиям, без предоставления на них ответов.

Прежде чем задать вопрос просим вас посмотреть на какие вопросы были ответы, может вы найдете ответ на свой вопрос.

Дауренбек Махситович Омаров
06 Сентября 2017
Вопрос / Обращение
Сәлеметсіздер ме? 1.2017-2018 ӘНХ технология пәні сынып толымдылығына қарамастан топқа бөлініп оқытылады делінген.Егерде ШЖМ мектептің сыныбында 1 ұл қалғаны қыз немесе 1 қыз қалғаны ұл болса топқа бөлуге рұқсат етілеме. 2.ШЖМ біріктірілген сыныбында (2-3 сынып) 10 оқушы болса орыс тілі,ағылшын тілі, информатика; технология,дене шынықтыру пәндерінен топқа бөлуге рұқсат етілеме.
Ответ
Сәлеметсіз бе, Дауренбек Махситович ! "Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №60 бұйрығына сәйкес 28-тармағында, шағын жинақты мектептерде кемінде 10 білім алушы болған жағдайда сабақтарды өткізу кезінде сыныпты: 1) оқыту қазақ тілді емес 2-11 сыныптардағы қазақ тілі; 2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті; 3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін 3-11 сыныптардағы орыс тілі; 4) 2-11 сыныптардағы шетел тілі; 5) 5-11 сыныптардағы информатика; 6) бейінді пәндер; 7) 5-11 сыныптардағы технология (ұлдар мен қыздарды сынып толымдылығына қарамастан топтарды); 8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру (ұлдар мен қыздарды сынып толымдылығына қарамастан топтарды); екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады" деп жазылған. Сондықтан, Сіздің бірінші сұрағыңызға қатысты, шағын жинақты мектептің сыныбында 10 бала болған жағдайда 1 ұл қалғаны қыз немесе 1 қыз қалғаны ұл болса 5-11 сыныптарда технология және дене шынықтыру пәндерінен топқа бөлуге болады. Екінші сұрағыңыз бойынша, біріктірілген 2-3 сыныптардағы ағылшын тілі пәнін бөліп оқытуға болады.
Captcha