Білім

separator мұрағат

«Білім – Образование» ғылыми-педагогикалық журналы 2003 жылдан бастап басып шығарылады.

«Білім - Образование» ғылыми-педагогикалық журналы білім беру жүйесінің көкейкесті мәселелерімен қатар, қазақстандық және шетелдік педагогтердің озық тәжірибелерін және ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін, оқу-әдістемелік, нормативті нұсқаулық, ақпараттық талдау материалдарын жариялауға бағытталған.

«Білім беру саясаты» айдарында тұрақты даму, үдіксіз білім беру, инклюзивті білім беру, өмір бойы білім алу үшін білім беру сұрақтары бойынша  ООН/ЮНЕСКО стратегиялық құжаттары, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттары орналастырылады;

«Оқытудың теориясы мен практикасы» айдарында жеке пәндерді оқытудың әдістемесі және инновациялық теориясы бойынша  материалдар, сонымен қатар  оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен талқылау сұрақтары талқыланады.

«Тәрбиелеудің теориясы мен практикасы» айдарында өскелең ұрпақты тәрбиелеу үдерісінің әртүрлі аспектілері қарастырылады, сонымен қатар  білім беру үдерісінің тәрбиелеу әлеуетін көтеруге бағыталған және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында оқыту мен тәрбиелеуді кіріктіру мәселелері жарияланады.

«Әдістемелік мектеп» айдарында жеке пәндерді оқытудың заманауи әдістемелері, оқытуда АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері  бойынша материалдарды орналастыру жоспарланады.

«Болон процесі» айдарында Болон процесіне қосылу контексінде отандық жоғары оқу орындарын халықаралық жайғастыру сұрақтары қарастырылады (университеттердің автономдық ұстанымдарын іске асыру; жоғары білім берудің үшдеңгейлі үлгісі;  ECTS академиялық кредиттер; студенттердің, оқытушылардың және әкімшілік қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы; дипломның Еуропалық қосымшасы; жоғары білім берудің сапасын бақылау және т.б.)

«Педагогикалық білім берудің мәселелері» айдарында педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жаңғырту сұрақтары, сонымен қатар, білім беру мазмұнын жаңарту, жеке тұлға мен еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, кадрларды дайындау құрылымын анықтау және болжамдау сұрақтары қарастырылады.

«Ғылыми ізденіс» айдарында білім беру және тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің көкейкесті мәселелері бойынша мақалалар жарияланады, сонымен қатар білім берудегі педагогика мен инновациялық технология саласындағы іргелі және теориялық-қолданбалы зерттеулердің маңызды нәтижелері мен жетістіктері басылып шығарылады.

«Қазақстанның білім беру тарихынан» айдары отандық педагогикада өздерінің іздерін қалдырған көрнекті тұлғаларға, еліміздің білім беру жүйесінің тарихына арналған.

«Халықаралық ынтымақтастық» айдарында отандық білім беру ұйымдарының шетелдік серіктестерімен тиімді ынтымақтастық ұйымдастыру сұрақтары, білім беру жүйесінің әртүрлі аспектілері бойынша халықаралық тәжірибелерін қамтитын материалдар орналастырылады.

«Конференциялар, форумдар, семинарлар» айдарында білім беру сұрақтары бойынша Қазақстанда және шетелде өткізілген конференциялардың материалдары жарияланады.