Қазақстан кәсіпкері

separator мұрағат

«Қазақстан кәсіпкері - Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік   журналы 2001 жылы баспаға шыға бастады. 

«Қазақстан кәсіпкері - Профессионал Казахстана»  ғылыми-әдістемелік журналында Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері; техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу-әдістемелік, нормативті нұсқаулық және ақпараттық-сараптамалық материалдар, сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша мамандарды даярлау сапасын көтеруге бағытталған мақалалар жарияланады.

Басылымда «Редактор бағанасы», «Жоғары кәсіптік білім беру», «Техникалық және кәсіптік білім беру»,  «Сұрақтар мен жауаптар» айдарлары бойынша  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақалалар жарияланады.

«Редактор бағанасы» айдарында нөмірдің тақырыбына арналған редактордың кіріспе сөзі,  оқырмандарға арналған хабарландыру, көкейкесті ақпараттар орналасады.

«Техникалық және кәсіптік білім беру» айдары Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелеріне, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әлеуетін күшейту мен жаңғыртудың тұжырымдамалық негіздерін әзірлеуге, индустриалды-инновациялық даму шарттарында техникалық және кәсіптік білім берудің басым бағыттарын анықтауға, техникалық және кәсіптік білім берудің оқытушылық құрамы біліктіліктерін, инфрақұрылымын, мазмұнын жаңғыртуды әдістемелік және әдіснамалық қолдауға арналған.

«Жоғары кәсіптік білім беру» айдарында жоғары кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытттары, жоғары кәсіптік білім беруді жаңғыртудың тұжырымдамалық негіздері жарияланады,  жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде мазмұнды қалыптастыру, сонымен қатар инновациялық қызметті дамыту сұрақтарын ашады.

«Кәсіптік бағдар және бейіналды даярлық» айдары Қазақстан Республикасында білім беруді жаңғырту бағдарламасы аясында оқушыларды бейіналды даярлау және кәсіптік бағдар жұмыстарының негізгі бағыттарына, кәсіптік ағартудың өзекті сұрақтарына, кәсіптік қызығушылықты және бейімділікті дамытуға,  бейіналды даярлық және білім алушыларды кәсіптік бағдарлы диагностикалау саласындағы мәселелерге  арналған.

Журналдың кейбір басылымдары тақырыптық немесе мақсаттық (конференциялар мен семинар материалдарының жариялануы, білім беру ұйымдарының мерейтойына арналған шығарылымдар) болуы мүмкін.

«Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» журналының редакция алқасының мүшелері құрамында қазақстандықтармен қатар білім беру жүйесі саласындағы шетелдік эксперттер бар.

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы