12 жылдық білім беру

separator мұрағат

«12 жылдық білім беру - 12-летнее образование» республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық журналы 2005 жылдан бастап басылып шығарылады.

Журналдың тақырыптық бағыты жалпы білім беру жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік жаңалықтарды енгізу болып табылады.

Журналдың негізгі мақсаты – қазіргі ғылыми педагогикалық қоғамдастықтың алдында 12 жылдық білім беруге байланысты туындаған сұрақтар мен ғылыми ақпараттық және ғылыми-әдістемелік байланысын ұйымдастыру.

«12 жылдық білім беру - 12-летнее образование» журналында «Білім мазмұнын жаңарту», «Тәрбие мәселелері: теория және тәжірибе», «Педагогикалық шеберлік», «Табысты халықаралық тәжірибе» атты  айдарлары бойынша  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақалалар жарияланады.

«Білім мазмұнын жаңарту» айдарында Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту бойынша бағдарламалар, жобалар және оқыту мен бағалауда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары  қарастырылады.

«Тәрбие мәселелері: теория және тәжірибе» айдарында өскелең ұрпақты тәрбиелеу үдерісінің әртүрлі аспектілері қарастырылады, сонымен қатар  білім беру үдерісінің тәрбиелеу әлеуетін көтеруге бағыталған және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында оқыту мен тәрбиелеуді кіріктіру мәселелері жарияланады.

«Педагогикалық шеберлік» айдарында педагогтерге өздерінің  педагогикалық тәжірибелерін кең педагогикалық қоғаммен таныстыруға  мүмкіндік беріледі. Авторлар педагогикалық технологияларды, оқытудың заманауи теориясы мен әдістемесін, жеке пәндерді оқыту мәселелерін, үштілділік білім беруді, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндігін қарастырады.

«Табысты халықаралық тәжірибе» тарауы білім беру жүйесі саласындағы озық шетелдік тәжірибені қамтиды, сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы халықаралық серіктестіктерінің мақалалары жарияланады.

Журналдың кейбір басылымдары тақырыптық немесе мақсаттық (конференциялар мен семинар материалдарының жариялануы, білім беру ұйымдарының мерейтойына арналған шығарылымдар) болуы мүмкін.