THE CENTER OF BROADCAST OF EXPERIENCE OF THE UPDATED CONTENT OF EDUCATION

Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығы (әрі қарай – ЖБМТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 21.08.2017 жылғы №358 бұйрығын орындау мақсатында құрылған, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

ЖБМТ орталығының міндеті ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу арқылы білім берудің инновациялық стратегияларын ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

 

Қызметтері:

· жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;

· еліміздегі 30 пилоттық мектептердегі ББ МЖМС апробациясы;

· апробацияға ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қолдау көрсету мен жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламаларын енгізу.