ЦЕНТР РАЗВИТИЯ МАЛОКОМПЛЕКТНЫХ ШКОЛ

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
шағын жинақты мектепті дамыту орталығы

Шағын жинақты мектепті дамыту орталығы (ары қарай ШЖМД Орталығы) 2011 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Біріктірілген жинақ-сынып пен арнайы оқу бағдарламасының ұйымдастырылған түрі бар, оқушылар контингенті аз шағын жинақты мектептерді дамыту ШЖМД Орталығының басты мақсаты болып табылады.

Шағын жинақты мектеп зертханасы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар ғылыми педагогикалық институтына жұмыс істегеннен бастап педагогикалық  жұмысты жетілдіру мәселесіне байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады, сонымен қатар бірнеше жыл бойы жалғасқан шағын жинақтық мектептерде ғылыми әдістемелік қажеттіліктерді анықтап, қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысты.

Шағын жинақтық мектептер мемлекет мектептерінің үлкен пайызын құрайды. 1964-1965 жылдары Қазақстанда 2573 мектеп жұмыс істеді. Бұл жалпы мектеп санының 61,3% құрайды. Зертхана алғашқы жылдардан бастап-ақ шағын жинақтық мектептер меңгерушілері мен мұғалімдеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп келеді.

Әр жылдары шағын жинақтық мектептер мәселелерімен Г.М. Храпченко, А.Асқарбаева, К.Аймағамбетова, Б.Құлмағамбетова сияқты ғалым әдіскерлер айналысып келеді. Олар өз еңбектерінің нәтижелерін түрлі ғылыми әдістемелік журналдарда жариялап отырды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейінгі оқыту әдістемесін жетілдіру мен оқытудың мазмұны мәселелері Г.М.Храпченкованың «Қазақстандағы ұлттық білімнің ғылыми-әдістемелік мәселелері» (1976) еңбегі мен ғылыми мақалаларында көрініс тапты.

1971-1975 жж. аралығында зертхана бағдарламалар, қазақ және ұйғыр мектептеріне арналған оқулықтар, 50-ден аса оқу әдістемелік нұсқаулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар жинақтарын басып шығарды.

1990-1993 жж. «Төртжылдық бастауыш мектептің 1-2 сыныптарын кіріктірілген-жинақтық оқытудың құрылымы мен мазмұнын жаңарту» (жетекшісі-Ш.Майгаранова), «Шағын жинақтық мектептерде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері» (жетекшісі - З.Бейсенбаева), «Бастауыш мектепте оқытудың әдістемесі және білім мазмұнын жетілдіру» (жетекшісі - К.Жунусова) сияқты өзекті тақырыптар ғылыми зерттеудің нысанына айналды. 1993-1999 жж. Зертхананы К.Жунусова басқарды. 1999 жылы зертхана директоры М.Ералиева тағайындалды, басшылығымен мемлекеттік шағын жинақтық мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетіліп отырды.

Келесі жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылымдар ҒЗИ құрылымында өзгерістер болып, 2000 жылдан бастап зертхана шағын жинақтық мектептерде оқыту мәселелері бойынша жұмыс істей бастады. Мамандар: К.Мамыров, С.Нурсейитов, Ж.Кемембаева, Р.Ахметова. Зертхана қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесінде «Шағын жинақталған мектепте білім беру - Образования в малокомплектной школе» (К.Н.Мамырова,С.Д. Нурсейитова, 2002 ж., «Ғылым баспасы») еңбегі жарыққа шықты.

2002 жылы бастауыш мектеп зертханасы мен шағын жинақты мектеп зертханасы біріктіріліп, Бастауыш және шағын жинақтық мектепте оқыту мәселесі байынша зертхана деп аталды, басшылық еткен петагог Н.М. Сламбекова.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж. 7 желтоқсан №1118 Қаулысына сәйкес. 2011-2020 ж Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасының 75 тарауын жүзеге асыру нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Шағын жинақтық мектепті дамыту Республикалық Орталығы құрылды. Орталыққа басшылық еткен ҚР құрмет қызметкері, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, ғалым-педагог Ә.Т. Дүйсебек басқарды. Орталықта Б.Қ.Тойбазарова, Х.Т. Төлеубаева, Б.К.Смағулова, Г.Ж.Сейсенғалиева, Б.К.Сәрсенбина сияқты ғалымдар, мектепте үлкен тәжірибесі бар әдіскерлер қызмет етті.

Орталық қызметкерлерінің білім беру процесінің сапа мониторингін жүргізу нәтижесінде шағын жинақты мектептің өзекті мәселелері анықталды (апталық оқу салмағының аздығы, тірек мектеп-ресурстық орталықтар қызметін қадағалап отыратын біріктірілген сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құралдар мен норматвті-құжаттардың жоқтығы). ҚР Білім және ғылым министрлігінің негізгі іс-шараларының жүйелік кестесіне сәйкес (2012 ж. 04 сәуір, №144 бұйрық) бұл жылдары Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының бастауыш шағын жинақтық мектептерінің жағдайы зерттеліп, аталмыш облыс елді мекендерінде мектеп жасындағы балалар контингентін ескере отырып бастауыш шағын жинақтық  мектептерді сақтау бойынша ұсыныстар дайындалды, сол мектептер базасында тірек мектептер мен шағын мектептер орталықтарын, сонымен қатар мектеп-балабақша ашу жолдары қарастырылды.

Ә.Т.Дүйсебектің басшылығымен шағын жинақты мектепті дамыту Концепциясы жобасы мен шағын жинақтық мектеп қызметінің Ережелері дайындалды. Орталық қазметкерлері 17 оқу-әдістемелік құрал дайындап шығарды. Алғаш рет шағын жинақтық мектептерге арналған оқу-әдістемелік комплекстер (ОӘК) жасалды.

2013 жылы ШЖМД Орталығының директоры болып педагогика ғылымдарының кандидаты Н.А.Тойбазарова тағайындалды, ал қызметкерлер қатары тәжірибелі әдіскер мамандармен толықты: К.А. Даниярова, Г.К. Жунусова. ШЖМД Орталығының қызметкерлері шағын жинақтық мектептердегі біріктірілген сыныптардағы білім сапасын жоғарылату мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Ғылым - педагогтарымен бірлесе отырып ШЖМД орталығының мамандары шағын жинақты мектептердің қызметі бойынша қазақ тілді бірлескен сыныптар мұғалімдеріне арналған сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары мен коллективті оқыту технологиясы мен жаңа әдістерді пайдалана отырып ұқсас тақырыптар бойынша сабақты ұйымдастыру, дамыта және дифференциалды оқыту, сын тұрғысынан ойлауға оқытуда қамтыған әдістемелік құралдар жасады.

ШЖМД Орталығы қызметінің бір бағыты шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерде (ресурстық орталықтарды) жұмыс істейтін мұғалімдердің озық тәжірибелерін тарату. Мысалы, Қарағанды облысында шағын жинақтық мектеп мұғалімдерінің тәжірибе алмасу мақсатында «Ортақ білім кеңістігінде шағын жинақтық мектеп пен тірек мектеп-ресурстық орталықтардың дамуы» тақырыбында 82 шағын жинақтық мектептердің педагогтары қатысқан республикалық семинары өткізілді. Практикалық сабақтар Шашубай орта мектебінде, Осакаров ауданының №9 орта мектебінде және Бұқар жырау ауданы №3 орта мектеп базасында «Шағын жинақты мектептегі білім беру процессі: мәселелер,тәжірибе және жаңашылдық» тақырыбында 150 педагог қатысқан республикалық семинар өтті. 2013 жылы маусымда Кербұлақ ауданының Малайсары орта мектебінде, Алматы облысы Ақсу ауданының Е.Сиқымов атындағы орта мектебінде «Тірек мектеп-ресурстық орталық жұмысын ұйымдастырудағы басым бағыт» тақырыбында  65 педагог, басшылар мен шағын жинақтық мектеп, ресурстық орталық мұғалімдері қатысқан әдістемелік семинар өтті.

2013 жылдың 17 қыркүйек Білім және ғылым Министрлігінің №375 бұйрығына сәйкес барлық білім беру мекемелеріне (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) арналған Типтік ережелері бекітілді. Жаңа Ереже бойынша шағын жинақтық мектеп жалпы мектеп санының 49,8%  құрайды (қалада 92 шағын жинақтық мектеп болса, ауылды аймақтарда 3547 шағын жинақтық мектеп бар). 3639 шағын жинақты мектептің-818 бастауыш мектеп, 890 орта және 1931 жалпы орта мектеп, 9147 біріктірілген сынып бар (61972 оқушы).

2014 жылы ШЖМД Орталығы директоры болып тарих ғылымдарының доқторы, доцент А.К. Мұхаметханова тағайындалды.

Қазіргі таңда ШЖМД Орталығында білікті мамандар қызмет етеді: Н.А.Тойбазарова – жетекші ғылыми қызметкер, педагог ғылымдарының кандидаты, доцент, Х.Т.Толеубаева – аға ғылыми қызметкер, К.А.Даниярова – аға ғылыми қызметкер, Г.К.Жүнусова – аға ғылыми қызметкер, А.Б.Бахыт – аға ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі, А.Д. Айтпаева – аға ғылыми қазметкер, заң ғылымдарының магистрі.

2014 жылы ШЖМД Орталығының мамандары Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында «Ауыл мектептеріндегі білім сапасының қолжетімділігі» тақырыбында 5 ғылыми-әдістемелік аймақтық семинарлар және республикалық ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізді.

ШЖМД Орталығы біліктілікті жоғарылату ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ Біліктілікті жоғарылату және кадрларды қайта даярлау институты Ақтөбе филиалымен бірігіп «Тірек мектеп-ресурстық орталықтар негізінде ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ЖОО, колледж, біліктілікті жоғарылату институттарының өкілдері қатысқан республикалық семинар өтті. Семинарда шағын жинақтық мектептерде білім процесін дамытудың өзекті мәселелері көтерілді, оларды шешу жолдары анықталды, жаңашылдық ойлар қарастырылып, ШЖМ педагогтарының озық тәжірибелері қарастырылды. Семинар ресурстық орталықтарды аралаумен жалғасын тапты.

Қостанай облысында он-лайн тәртібінде «Тірек мектеп-ресурстық орталық негізінде ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Ауыл мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін зерттеу, инновациялық тәжірибемен алмасу және білім беру сапасын жоғарылату мақсатында Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында семинарлар өткізілді.

Қазіргі таңда ШЖМД Орталығының мамандары облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлеріне білікті қолдау көрсетіп, шетелдік әріптестермен, соның ішінде Башқұртстан және Тәжікстан Республикасының шағын жинақты мектептері мен кафедраның ғылыми қызметкерлерімен тәжірибе алмасып отыр.

2015 жылдан бастап шағын жинақты мектептердің проблемаларын тәжірибе жүзінде және мектеп жұмысының тәжірибесін білетін  ШЖМ дамыту орталығының директоры болып Г.С.Құдайберген тағайындалды. Орталықта  білікті мамандар қызмет істейді: Б.С. Ахметова – жетекші ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, Х.Т. Тулеубаева – аға ғылыми қызметкер, А.Х.Хапур – аға ғылыми қызметкер, И.Ж. Диханбаева – аға ғылыми қызметкер, педагогикалық ғылымдарының магистрі.

2016 жылдан бастап ШЖМ дамыту орталығының директоры болып, білім беру саласында мол тәжірибесі бар маман М.Е.Адамова тағайындалды.

Қазақстанда қазіргі күнде статистика мәліметі бойынша 3036 ШЖМ, ол барлық мектептердің 41% құрайды, соның ішінде:

685- бастауыш ШЖМ-де 8702 оқушы оқиды.

834 негізгі ШЖМ-де 34802 оқушы оқиды.

1517 орта ШЖМ-де 162349 оқушы оқиды. Барлық ШЖМ-де 206 мың оқушы оқиды (республикадағы барлық оқушылардың 7%). 50 мың ШЖМ біріктірілген сыныптарында  7720 оқушы оқиды.

ШЖМ көпшілігі СҚО, Ақмола облысы, ШҚО, Қостанай облыстарында болса, ең аз мөлшері Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы және Атырау облыстарында.

Республикадағы ШЖМ-нің  қызметінің ағымдағы жағдайы:

ҚР бойынша ШЖМ-дің білім сапасы орташадан төмен (ҰБТ,ОЖСБ,PISA).

ШЖМ бейіналды дайындығы және бейіндік дайындықты оқытуы әлсіз.

Себебі:

ШЖМ-нің нормативтік-құқықтық базасының жетіспеушілігі.

ҚР бойынша ШЖМ ішкі құрылымы және жабдықтандыруы орташа көрсеткішпен салыстырғанда нашар.

ШЖМ кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі: ҚР бойынша педагогтардың жетіспеушілігі, орташа қарағанда ШЖМ жоғары санатты педагогтар үлесі 2 есе төмен.

Мәселені шешу:

ШЖМ және РО номативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

ШЖМ материалдық-техникалық базасы және ішкі құрылымын жетілдіру.

Кадрлармен қамтамасыз ету  мәселесін шешу.

РО желісін кеңейту.

2015 жылы ШЖМ саны 2011 жылмен салыстырғанда 1200 бірлік азайды, қазір ШЖМ-де әрбір он екінші оқушы оқиды (2011 жылы әрбір алтыншысы), әрбір бесінші пән мұғалімі жұмыс істейді (2011 жылы – әрбір төртіншісі). Негізінде 2020 жылы ШЖМ-де бастауыш және негізгі орта білім деңгейілері үшін  жұмыс істейтін болады.

ШЖМ және РО дамыту туралы келісілген жоспарында 2011 жылы – 26 РО, 2012 жылы – 28 РО, 2013 жылы – 31 РО, 2014 жылы – 35 РО, 2015 жылы – 40  НМ ТМ (РО) құру қаралған еді. Қазіргі күні  164 РО жұмыс істейді.

РО ашу бойынша жоспардың орындалмауының негізгі себебі: жергілікті орындаушы ұйымдардың қаражат жетіспеушілігінен. Республика бойынша РО  ашу жоспарынан  артық орындаған өңірлер бар: Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстары.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ШЖМ дамыту орталығы белсенді ынтымақтастықта 150 ресурстық орталықты құрып ғана қоймай оған 475 шағын жинақты мектептерді тіркеген, бірақ ШЖМ және РО ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз ету бойынша үйлестірушілік, демеушілік рөлін орындап, ШЖМ қызметінің өзекті мәселелерін шешуге, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру сұрақтары бойынша,  сол мектептің басшылары мен мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуде.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім ғылым академиясы шағын жинақты мектептерді дамыту (ШЖМ) орталығының негізгі қызметінің бағыты:

ШЖМ және РО үйлестіру қызметі.

Банк мәліметтері және интерактивті карталар, статистикалық мәліметтер жиынтығын құру.

ШЖМ-дің оқу және тәрбие сапасының талдауы.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ және РО-ды ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз ету .

- Семинарлар және конкурстар өткізу (республикалық, өңірлік).

ШЖМ және РО қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен әзірлемелер.

ҚР БҒМ үшін ШЖМ желісін ары қарай дамыту стратегиясын анықтап, ұсынымдар әзірлеу

Орталық қызметкерлері Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының ШЖМ жағдайын зерделеді. ШЖМ дамыту орталығы  ШЖМ және РО мамандарымен тығыз байланыс ұстап, ШЖМ қызметін зерделеу кезінде және анықталған өзекті мәселелер  бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, ШЖМ және РО қызметінде нақтылы бағыт бойынша ғылыми-әдістемелік көмекті күшейту іс-шаралары қолға алынды. ШЖМ қызметіндегі өзекті мәселелерді жетілдіру және  өңірлердегі ШЖМ және РО қызметіндегі атқарылған жұмыстың жетістігін анықтауға мүмкіндік берілді.  ШЖМ қызметінде өңірлер бойынша  115 ШЖМ және 38 РО Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында әдістемелік көмек көрсетіліп, талдау жасалды.

Жұмыс қорытындысы бойынша келесі материалдар дайындалды:

ШЖМ және РО бойынша  АӘҚ;

ШЖМ және РО бойынша әдістемелік құралдар әзірлемесі және  техникалық ерекшелік бойынша көмек;

2015-2016 оқу жылы өңірлер бойынша РО ашылуы туралы ҚР БҒМ ақпарат беру;

ШЖМ және РО  бойынша елдердегі өңірлердің интернатты ұйымдастыру банк мәліметі.

2015 жылы 5 әдістемелік құрал дайындалды.

ҚР БҒМ жауапты хатшысының  2014 жылғы 30 желтоқсандағы №552 бекітілген бұйрығына сәйкес 2015 жылы ҚР БҒМ желілік кестесінің негізгі іс шаралары, ШЖМ дамыту орталығы келесі іс шараларды өткізді:

БҚО СҚО, ОҚО, ШҚО РО-на көшпелі сессия ұйымдастырылды (келісілген кесте бойынша). РО және магниттік мектептер диреторлары және мұғалімдері, аудандық білім беру бөлімдерінің басшыларының қатысуымен жергілікті жерлерде дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді.

Республикалық «Үздік ресурстық орталық» конкурсына дайындық және өткізу.

Орталық қызметкерлері қатысты:

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2015 жылы 20 қарашада өткізген «Білім беру инновациялары: іздестіру және шешімдер» ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына;

12 жылдыққа көшу үшін 12 жылдық экперименталдық сыныптарына оқулықтар және ОӘҚ, оқу бағдарламаларын әзірлеу жұмысы бойынша семинар;

Қарағанды облысы және Ақмола облыстары бойынша білім мазмұнын жаңартудағы кіру тестсінің апробациясын өткізді. Тест нәтижесі бойынша есеп дайындалды;

Семинар жұмысында Якуттың білім басқармасының өкілдері ШЖМ қызметін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты.

2016-2020 ж.ж. Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2017-2021 ж.ж. Дүниежүзін қаржыландыратын банк шеңберінде ШЖМ дамытуға  екі жоба әзірленді  

ҚР БҒМ қызметкерлерімен бірігіп ШЖМ-ді дамыту өзекті мәселелері және оны шешу жолдарын талқылады.

2015 жылы Г.С.Құдайбергеннің басқаруымен І «Үздік ресурстық орталық» Республикалық конкурсы өткізілді.Байқаудың негізгі мақсаты  шағын жинақты мектептердің білім сапасын жетілдіру және  ресурстық орталық қызметін ұйымдастырудағы үздік тәжірибені насихаттап шығару.

Республикалық конкурсқа қатысушылар Республкалық конкурс шеңберінде қолөнерлер  көрмесін ұйымдастырды. Конкурс келісілген ереже бойынша екі этаппен өткізілді: облыстық және республкалық деңгейде. Республикалық конкурсқа республиканың 10 өңірінен «Үздік ресурстық орталық (тірек мектеп)» облыстық конкурстың 13 жеңімпаз өкілдері болды.

Конкурстың жеңімпаздары мен номинанттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  Министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының дипломдары және грамоталарымен мараматталды.

Ары қарай ШЖМ және РО дамыту стратегиясы:

1.ШЖМ және РО нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

2.ШЖМ және РО қызметінің қаражат механизмінің тиімді әзірлемесі.

3.Ішкі құрылымды дамытуды қамтамасыз ету (ресурстық орталық, интернат, тасымал).

4.Білім үдерсінде оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етуді жетілдіру.

5.Қашықтықтан оқытуды дамыту.

6.ШЖМ және РО мұғалімдер корпусын қолдау.

ШЖМ педагогтарын дайындау үшін  арнайы жағдай қажет.

Жоғары оқу орындары шектес пәндер бойынша  педагогтарды қосымша мамандандыру.

ШЖМ біріктірілген сыныптар жұмысына қосымша төлеу.

Ресурстық орталықтағы магниттік мектеп оқушыларына сабақ беретін мұғалімдер жұмысына қосымша төлем.

Педагогтардың біліктілігін арттыру және аттестацияға жаңа тәсілдеме.

7. Білім сапасын қамтамасыз ету үшін ШЖМ-дің жоғары сынып оқушыларын толық қамтылған мектептерге ауыстыру қажет. 2020 жылдардағы білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында көбінесе ШЖМ тек бастауыш және негізгі орта білім деңгейі үшін қызмет істейтін болады.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2017 жылғы жұмыс жоспарының жобасы.

1. ШЖМ педагогтары үшін РО сессия арасындағы өзара әрекеттестік бойынша сұрақтар, ұсынымдар және әдістемелік құрал әзірлемесі.

2. Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқу процессін ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар.

3.Ресурстық орталықтардың магниттік мектептермен сессия және сессияаралық кезеңдеріндегі өзара әрекеттерінің мәселесін зерттеу.

4.Шағын жинақталған мектептердің орналасу желілері мен контигенттерінің оқыту тілі бойынша интерактивті карталар әзірлемесі.

5.  ШЖМ және РО-ға жергілікті жерде әдістемелік көмек көрсету.

6. Өңірлік көшпелі семинарлар өткізу.

7.Халықаралық ШЖМ дамыту тәжірибесін зерделеу.

8. Өңірлік әкімшілік ұйымдар, ата-аналар, оқушылар, БАҚ, педагогикалық қоғамы үшін онлайн конференция өткізу (желтоқсан).

9.ШЖМ және РО қызмет жетістігінің бұқаралық ақпарат құралдарын жариялау.

10. " Үздік ресурстық орталық ( тірек мектебі ) "  III Республикалық байқауын өткізу.