THE CENTER OF DEVELOPMENT OF INCLUSIVE EDUCATION

Инклюзивті білім беруді дамыту орталығы (бұдан әрі– Орталық) – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2016 жылғы 5 ақпанда құрылған құрылымдық бөлімшесі.  Орталықты құру мақсаты Қазақстан Республикасындағы орта білімнің барлық деңгейлерінде инклюзивті білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Орталық қызметінің бағыттары:

Ғылыми-әдістемелік:

- инклюзивті білім беруді ендіруші республиканың білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдарының зияткерлік әлеуетін тарту арқылы инклюзивті білім беру проблемалары бойынша зерттеулер жүргізу;

- инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы білім беру ұйымдарындағы білім беру процесінің субъектілерін қолдау.

Оқу-әдістемелік:

- инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ұсынымдық сипаттағы материалдарды әзірлеу;

- инклюзивті білім берудің дамуын үздіксіз мониторингілеуді жүзеге асыру.

Ұйымдастырушылық-педагогикалық:

- инклюзивті практиканы іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және біріктіру;

- республикадағы инклюзивті білім беруді іске асыру проблемалары бойынша ғылыми конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу.

Кеңес берушілік:

- инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтарына және мамандарына кеңес беру.

 

 

Орталық міндеттері

·   Инклюзивті білім беру бойынша зерттеулер жүргізу үшін ұлттық әлеует туралы деректер қорын құру.

·    Инклюзивті білім беруді дамытудың әлемдік тәжірибесін жалпылау.

·    Еліміздегі білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын есепке ала отырып инклюзивті білім берудің ұлттық моделін құру.

·  Бейімделген жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылардың білімдерін бағалау критерилерін әзірлеу.

·   Инклюзивті практиканы іске асыратын білім беру ұйымдары мен  ресурстық орталықтарды  оқу-әдістемелік қолдау.

Бірыңғай және сәйкес принциптер, сапалық және сандық көрсеткіштер мен тәртіп негізінде инклюзивті білім беруге мониторинг жүргізу және оның тиімділігін бағалау