Даму стратегиясының жобасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

«Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ 2020 жылға дейін

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Астана, 2014

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ

ҚР

Қазақстан Республикасы

ТжКБ

Техникалық және кәсіптік білім беру

ЖжЖОКБД

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі

МДОБД

Мектепке дейінгі және орта білім департаменті

БжҒСБК

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

ҰБА

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттык білім академиясы

ЖОО

жоғары оқу орны

ЕБШ

Еуропалық біліктілік шеңбері

ҰБЖ

Ұлттық біліктілік жүйесі

ҰБШ

Ұлттық біліктілік шеңбері

СБШ

Салалық біліктілік шеңбері

КС

кәсіби стандарттар

PhD

философия докторы

ББ

білім беру бағдарламалары

МЖМБС

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ШЖМ

шағын жинақты мектептер

РО

ресурстық орталықтар

ҒЗЖ

ғылыми-зерттеу жұмыстары

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

ЖАО

жергілікті атқару органдары

кіріспе

Стратегияда Академия дамуының қазіргі кезеңі бейнеленген, орта  және ұзақ мерзімді перспективаларда дамудың басымдықтары анықталған.

Стратегия  Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, «Білім туралы» және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,Оқушылардыңфункционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары, Қазақстан Республикасында білім және ғылым саласын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары, сондай-ақ Академияны дамыту тұжырымдамасы негізінде әзірленген, стратегия жобасы:

-                   МДОБД-нің 2  отырысында (2013 жылғы 10 маусым, 17 маусым);

-                   ҚР БҒМ Жауапты хатшысының 3  отырысында (2013 жылғы 31 мамыр, 7 маусым, 14 маусым);

-                   ҚР БҒМқұрылымдық бөлімшелері мен ведомствалық бағынысты орталықтар өкілдерінің қатысуымен өткізілген Академияның кеңейтілген кеңесінде (2013 жылғы 13 маусым) талқыланды.

Стратегияны іске асыру Академияның тиімді қызмет атқаруына мүмкіндік беретін болады, оның мәртебесін, беделін көтереді, ал бұл өз кезегінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуда негізгі рөл атқаруға ықпал етеді.

 МИССИЯСЫ

Ұлттық білім беру жүйесін дамытуды ашықтық, жариялылық және корпоративтік ұстанымдары негізінде алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік практиканы, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Университетінің және «Кәсіпқор» холдингінің тәжірибелерін есепке ала отырып ғылыми-педагогикалық, әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

КӨРІНУІ

   Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы – академиялық еркіндікті кеңейту және әлеуметтік жауапкершілікті көтеру негізінде білімнің  қазіргі парадигмасын ілгерілету үшін  барлық  мүдделі тараптардынығайтатынреспубликалық ғылыми-педагогикалық орталық.

 АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

Ұлттық білім академиясының 80 жылдық тарихы бар. 1933 жылы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институты құрылды,1951 жылы бұл мекеме Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты деп аталды. 1993 жылы Ғылыми-зерттеу институты базасында ЬІ.Алтынсарин атындағы Білім беру проблемалары институты құрылады. 1998 жылы ол Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 365 қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.

Академия өз қызметінің барлық кезеңінде білім беру үдерісінде тікелей пайдаланылатын әдіснамалық бағдарларды анықтау және оқу-әдістемелік материалдар жасау базасы болды. Академия педагогикалық ғылымдардың форпосты сапасында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы ретінде білім беру рөлінің нығаюына мүмкіндік туғызды.

2000 жылдан бастап Академияның бастапқы бейінді функцияларымен әртүрлі республикалық орталықтар құрылуда, олардың ішінде: Білімберу мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы(2008 жылдан бастап Ұлттық тестілеу орталығы); 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы (2008 жылы Академия құрамына қосылды); «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы; Ұлттық білім беру статистикасы және бағалауорталығы; Қосымша білім берудің  республикалық оқу-әдістемелік орталығы; «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы; Техникалық және кәсіптік білімді дамытудың және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы;Академиялық мобильділік пен Болондық үдерісі орталығы және т.б.  

Әртүрлі бағыттағы және бірін-бірі жиі қайталайтын осындай құрылымдардың құрылуы, педагогикалық ойлардың негізгі жетістіктерін жинақтап, өзгертіп тарататын және оларды барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің алдыңғы қатарлы тәжірибесінің орталығы болып табылатын Академия рөлінің әлсіреуіне әкеліп соқты.

SWOT-талдау

Ұтымды жақтары

-    Академияның нақты дәрежесін, отандық білім беру мәселелерімен айналысатын жалғыз мемлекеттік ғылыми ұйым екендігін көрсетеді;

-    Академия – білім және ғылым саласындағы ертеден келе жатқан ғылыми мекеме;

-    Қазақстандық білім беру жүйесін дамытуда теориялық-әдіснамалық, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің көп жылдық тәжірибесі:

-          ҚР БҒМ қаржыландыратын жоғары білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық зерттеулерін үйлестіру;

-    білім берудің барлық деңгейлері үшін әдістемелік және нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу (МЖМБС, үлгілік оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқау хаттаржәне т.б.);

-балалар мен жастарды тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін әзірлеу;

-педагогикалық эксперименттерді жүргізу және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу;

-ШЖМ, РО, эксперименттік мектептер қызметін ресурстық қамтамасыз ету (12 жылдық білім беру, көптілді білім беру және т.б.);

-        білім беру ұйымдарымен өзара тығыз қарым-қатынас жасау (мектептер,колледждер, жоғары оқу орындары);

-    «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» және «Білім – Образование» республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық жеке журналдарды басып шығару.

 



 Әлсіз жақтары

-  ғылыми зерттеулер мен оқу-әдістемелік әзірлемелердің  нәтижелерін енгізудің жеткіліксіз деңгейі;

-  барлық деңгейдегі білім берудің мазмұнын кіріктіру мен сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша көбінесе олардың функцияларын қайталайтын ҚР БҒМ-нің ведомствалық бағынысты құрылымдардың ашылуына байланысты Академияның функционалдық аясының тарылуы;

-  оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселесінде ҚР БҒМ-нің ведомствалық бағынысты ұйымдардың өзара әрекетінің төмен деңгейі;

-  Академия қызметкерлерінің халықаралық ғылыми бағдарламаларға төмен деңгейде қатысуы, impact-factorкоэффициенті бар баспа беттерінде басылымдарды жариялау көрсеткішінің төмендігі;

-  жоғары ғылыми біліктілігі бар қызметкерлер санының аздығы;

-  шұғыл басқару құқығына ие  жеке ғимараттың, жатахқананың болмауы;

-  ғылыми қызметкерлердің айлық жалақысының төмендігі;

-  оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты Академияны басқарудың икемсіз жүйесі.

 

 Академия мүмкіндіктері

-    педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасын дамыту;

-    білім берудің нақты практикасында психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін енгізудіүйлестіру;

-    педагогикалық парадигманың өзгеруі және мемлекеттің білім беру саясатына ықпал етуі арқылы білім берудің дәстүрлі практикасын жаңартуды қамтамасыз ету;

-    білім және ғылым саласындағы ҰБШ, СБШ дескрипторларына сәйкес оқыту нәтижелеріне негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ықпал ету және педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждер жағдайында олардың іске асыру;

-    білім және ғылым саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу және дамыту;

-    ҰБШ және ЕБШ сәйкес модульдық білім беру бағдарламаларын әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз етуге ықпал ету;

-    Ұлттық академиялық кітапханамен, оның ішінде кітапхананың жеке контентін ашу, интернет-ресурстарын нығайту және т.б. байланысты жақсарту арқылы  білім берудің теориясы мен практикасын дамытуды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жетілдіру;

-    Менеджментжәне кадрлармен қамтамасыз етуді тиімділігін арттырудың ішкі резервтерін дамыту.

 

Әлеуетті қауіптер

-                     «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және оларды қабылдау мерзіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі;

-                     12 жылдық білім беруге арналған қажетті нормативтік-құқықтық құжаттардың, оқу-әдістемелік материалдардың баяу жасалуы қарқыны, бұрын қабылданған шешімдерден бас тартудың орын алуы, жүргізілген эксперимент нәтижелерінің формальды есебі;

-                     ҚР БҒМ департаменттерінің Академиямен өзара тығыз әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты тиесілі емес ағымдағы тапсырмаларды орындауға ғылыми қызметкерлерді тарту;бұл Академияның әдістемелік және оқу-әдістемелік әзірлемелерінің сапасына кері әсерін тигізеді.

-                     ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 47 жас.

 

Мақсаты:

       Педагогикалық парадигмаларды түрлендіру арқылы білім берудің дәстүрлі практикасын жаңғыртуды қамтамасыз ететін және мемлекеттік білім саясатына әсер ететін ұлттық ғылыми орталықты құру.

Міндеттері:

-    білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру;

-    білім берудің нақты практикасында психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін енгізудіүйлестіру;

-      білім берудің барлық деңгейлерінің нормативтік-құқықтық базаларын әзірлеуді үйлестіру;

-         педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасын дамытуға ықпал ету;

-         үздік отандық және әлемдік педагогикалық тәжірибелерді аккумуляциялау, үйлестіру және бөлісу;

-         Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Назарбаев Университетінің және «Кәсіпқор» Холдингінің тәжірибелерін зерделеу, бейімдеу және тарату;

-         білім беру мазмұнын жаңарту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттыру;

-         Академия қызметіне ғылыми, педагогикалық, ата-аналар қоғамдастықтарын, ЖАО, БАҚ және өзге де мүдделі тараптарды тарту;

-         Академияны институционалды дамыту;

-         Академияның кадрлық әлеуетін дамыту.

Бағыты:

1. Білім беру саясаты мен философиясын теориялық-әдіснамалық қамтамасыз ету.

2. Білім берудің барлық деңгейлерін кіріктіру мен сабақтастықты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

3. Білім беру практикасын жаңарту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

4. Білім берудің теориясы мен практикасын дамытуды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

5. Сапаны басқару.

1-бағыт:  Білім беру саясаты мен философиясын теориялық-әдіснамалық қамтамасыз ету

Іске асыру шаралары:

-                   білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер конкурстары мен тендерлерге қатысу;

-                   Академияның қазақстандық педагогикалық жоғары оқу орындарымен және педагогикалық колледждермен байланысын кеңейту;

-                   ғылыми-педагогикалық зерттеулер саласында серіктестік үшін ғалымдарды, жоғары білікті педагогтарды тарту;

-                   білім берудің өзекті мәселелері бойынша шетелдік ғылыми-педагогикалық ұйымдармен бірлесіп зерттеулер жүргізу;

-                   шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтармен, халықаралық ғылыми ұйымдармен байланысты кеңейту;

-                   халықаралық ғылыми-зерттеу жобалар, форумдар, симпозиумдар, конференциялар өткізу және оларға қатысу;

-                   ғылыми-педагогикалық зерттеулерді үйлестіретін бас ұйым мәртебесін алу және зерттеу нәтижелерін қазіргі білім практикасына енгізу;

-                   «Білім» бағыты бойынша кадрлар даярлау үшін Академия базасында докторантура (PhD) ашу;

-                   педагогикалық ғылымдар бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесті Академияда ашу.

 

 

2-бағыт: Білім берудің барлық деңгейлерін кіріктіру мен сабақтастықты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

Іске асыру шаралары:

-                   білім мазмұны жаңартылған МЖМБС енгізу үшін нормативтік-құқықтық база құру;

-                   бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жаңартылған МЖМБС, оқу бағдарламаларын және ОӘК әзірлеу, апробациядан өткізу және енгізу;

-                   білім және ғылым саласындағы (ОРК) ҚРБ жетілдіруге, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және сараптамадан өткізуге қатысу;

-                   білім және ғылым саласындағы кәсіптік стандарттар негізінде ТжКБ, ЖжЖКБ жүйесінде «Білім» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын жобалаудың әдіснамасын әзірлеу;

-                   «Өмір бойы білім алу» тұжырымдамасын және ҚР-да оны іске асырудың стратегиясын әзірлеу;

-                   Ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдер мен семинарлар өткізу арқылы республикалық және халықаралық деңгейде заманауи мектептептік және кәсіптік білім берудің тұжырымдамалық ережелерін талқылау.

 

3-бағыт: Білім беру практикасын жаңарту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Іске асыру шаралары:

-                   Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Университетінің және «Кәсіпқор» холдингі тәжірибелерін зерделеу, қорыту, бейімдеу;

-                   нәтижелерді талдау мен қорыту үшін 12 жылдық білім беру бойынша көпжылдық экспериментке кешенді педагогикалық мониторинг жасау және оны жүзеге асыру;

-                   заманауи технологиялармен жұмыс істейтін жетекші шетелдік кәсіпордарды тарту арқылы білім берудің дуалды жүйесі бағытында ТжКБ, ЖжЖКБ мазмұндарын жаңарту;

-                   нәтижелерді талдап және қорыту үшін ШЖМ (РО) бойынша кешенді педагогикалық мониторинг жасау және жүзеге асыру;

-                   жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған тәрбие әдіснамасын әзірлеу;

-                   «Білім бұлағы» ұлттық ақпараттық-білім желісін құру бастамасы және оның контентін әзірлеу;

-                   білім мазмұнын жаңарту бойынша Академияда Республикалық ғылыми-үйлестіру кеңесін құру. 

 

4-бағыт: Білім берудің теориясы мен практикасын дамытуды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

Іске асыру шаралары:

-                   білім мазмұнын жаңарту бойынша  ауқымды жұртшылыққа арналған ақпаратты  сапалы әзірлеу және тарату;

-                   білім мазмұнын жаңарту бойынша шешімдер қабылдау үшін болжамалы ақпарат әзірлеу;

-                   әлемдік  ғылыми-педагогикалық және білім беру ресурстарына кеңінен қол жеткізетін жеке кітапхана контентін құру;

-                   атқарылып жатқан жұмыстар туралы мерзімді ақпарат ұсыну бойынша ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен, ҚР жоғары оқу орындарындарының кітапханалармен, сондай-ақ ҚР БҒМ ведомствалық бағынысты ұйымдармен меморандумдар жасау;

-                   жедел ақпарат алмасу және жалпы міндеттерді шешу үшін ведомствалық бағынысты ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Академия Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырыстарын өткізу.

 

5-бағыт: Сапаны басқару

Іске асыру шаралары:

-                   акциялардың 100 пайызы мемлекет қарамағында болатындай Академияны АҚ етіп қайта құру (құрылтайшы – ҚР Үкіметі);

-                   ҚР БҒМ ведомствалық бағынысты ұйымдар құрылымдарын оңтайландыру есебінен Академияның функцияларын кеңейту;

-                   Академия қызметін қаржыландырудың баламалы көзін іздеу;

-                   корпоративтік басқару ұстанымдары бойынша Академия құрылымын біріздендіру;

-                   академиктердің қоғамдық институтын, Академия Төралқасын құру;

-                   зертханалар, орталықтар мен институттарды интитуционалды дамыту есебінен Академияның инфрақұрылымын кеңейту, өңірлік бірлестіктер, Педагогикалық кітапхана, Педагогикалық мұражайлар құру;

-                   Академия кадрларын аттестаттаудың ішкі жүйесін енгізу;

-                   «Білім бұлағы» ұлттық ақпараттық-білім желісін институционалдық қолдау;

-                   баспа орталығы қызметін кеңейту арқылы Академия типографиясын құру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

1-бағыт:Білім философиясы мен саясатын теориялық-әдіснамалық қамтамасыз ету

1.1. Міндет:Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру

Күтілетін нәтижелер:

 

2016 жылы

2020 жылы

1.1.1 Атқарылып жатқан бюджеттік, бастамашы, шаруашылық келісім-шартты, соның ішінде халықаралық ҒЗЖ саны

15 жобадан кем емес

30 жобадан кем емес

1.1.2 Жыл сайынғы тәуелсіз ғылыми-техникалық сараптамалардыңоң қорытындылары

100% ҒЗЖ

100% ҒЗЖ

 

1-бағыт: Білім философиясы мен саясатын теориялық-әдістемелік қамтамасыз ету

1.2. Міндет:Психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін нақты білім беру практикасына енгізуді үйлестіру

Күтілетін нәтижелер:

2016 жылы

2020 жылы

1.2.1 Академияны білім беру саласындағы ҒЗЖ бас ұйымы ретінде бекіту туралы                      ҚР БҒМ оң шешімі

1.2.2 ҚР БҒМ қаржыландыратын білім беру саласындағы барлық ҒЗЖ үйлестіру

1.2.3 Академияда педагогикалық ғылымдар докторы (PhD)

ғылыми дәрежесін беру бойынша диссертациялық кеңесті іске қосу

2-бағыт:Барлық білім деңгейлерін кіріктіру мен сабақтастығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

2.1 Міндет:Барлық білім деңгейлерінің нормативтік құқықтық базасын әзірлеуді үйлестір

Күтілетін нәтижелер:

2016 жылы

2020 жылы

2.1.1  ҚР МЖМБС(бастауыш білім)

2.1.2 ҚР МЖМБС (негізгі орта және жалпы орта білім)

2-бағыт:Барлық білім деңгейлерін кіріктіру мен сабақтастығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

2.2. Міндет:Педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасын дамытуға ықпал ету

Күтілетін нәтижелер:

2016 жылы

2020 жылы

2.2.1 Білім және ғылым саласындағы БСА

2.2.4 Білім және ғылым саласындағы 30 пайыз педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін растау

2.2.2 Білім және ғылым саласындағы кәсіптік стандарттар

2.2.3 Білім және ғылым саласындағы тәуелсіз бағалау және біліктілікті растау стандарттары

2.2.5 Педагогикалық білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттары

2.2.6 «Білім» бағыты бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеу - 40%

2.2.7 «Білім» бағыты бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын институционалды аккредиттеу - 10%

 

3-бағыт:Білім практикасын жаңғырту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

 

3.1. Міндет:Үздік отандық және әлемдік педагогикалық тәжірибені аккумуляциялау, алмастыру және тарату

Күтілетін нәтижелер:

2016жылы

2020 жылы

3.1.1Педагогикалық идеялар банкі – 150 шығармадан кем емес

3.1.2 Инновациялық педагогикалық идеялар банкі–1000 шығармадан кем емес

3.1.3 Білім берудің қазіргі практикасындағы инновациялық педагогикалық идеяларды іске асыру тұжырымдамасы және құрылымы

3.1.4 Қазіргі білім практикасындағы инновациялық педагогикалық идеяларды жүзеге асыру мониторингінің автоматтандырылған жүйесі

3.1.5 «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының педагогикалық альманахы

3.1.6 «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының педагогикалық картасы

 

3-бағыт:Білім практикасын жаңарту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

3.2. Міндет:Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Университеті және «Кәсіпқор» холдингі тәжірибесін зерделеу, бейімдеу және тарату

Күтілетін нәтижелер:

2016 жылы

2020 жылы

3.2.1 Мазмұны ішінара жаңарған орта білімнің оқу бағдарламары және ОӘК

3.2.2 Негізгі орта және жалпы орта білімнің жаңарған мазмұнының оқу бағдарламалары және ОӘК

 

3.2.3 Мазмұны жаңарған бастауыш білімнің оқу бағдарламалары және ОӘК

3.2.4Қазақстан Республикасы ҰБШ сәйкес оқыту нәтижелеріне негізделген жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын жобалау жөніндегі әдістемелік жұмыстар

 

3-бағыт:Білім практикасын жаңарту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

3.3.Міндет:Білім мазмұнын жаңарту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру

Күтілетін нәтижелер:

 

 

2016 жылы

2020 жылы

3.3.1 Білім мазмұнын жаңартуды оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің педагогикалық қауымды қанағаттандыру дәрежесі

50%

75%

3.3.2 Білім мазмұнын жаңартуды оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің ата-аналар қоғамдастығын қанағаттандыру дәрежесі

25%

50%

 

4-бағыт:Білім берудің теориясы мен практикасын дамытуды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

4.1.Міндет:Академия қызметіне ғылыми, педагогикалық, ата-аналар қоғамдастығын, ЖАО, БАҚ және басқа да мүдделі тараптарды тарту

Күтілетін нәтижелер:

2016 жыл

2020 жыл

4.1.1 Ғылыми жұмыс нәтижелеріне негізделген жарияланымдарға арналған ҚР БҒМ БҒСБК ұсынылған «Білім - Образование» ғылыми-әдістемелік журналы – ғылыми басылым

4.1.2.0,1 кем емес impact-factorкоэффициентіне ие «Білім - Образование» ғылыми-әдістемелік журналы – ғылыми басылымы

4.1.3  Академия сайты - Ғылыми-педагогикалық ақпарат ұсынатын,коммуникациялық орта элементтерімен қарқынды жаңарып отыратын веб-ресурс

4.1.4 Академия сайты - Білімнің негізгі стейкхолдерлеріне арналған коммуникация ортасы болып табылатын ұлттық білім веб-ресурсы

5-бағыт:Сапаны басқару

5.1.Міндет:Академияны институционалды дамыту

Күтілетін нәтижелер:

 

2016 жыл

2020 жыл

5.1.1 Академияның жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық түрі – 100 пайыз мемлекеттік акциясы бар акционерлік қоғам

5.1.2 Академияның жаңа ұйымдастырушылық құрылымы және Академия қызметкерлерінің еңбектік өзара қарым-қатынас иерархиясы

5.1.3 ҚР БҒМ ведомствалық бағынысты ұйымдардың оңтайландырылған құрылымы

5.1.4 СМЖ енгізу(9001сериялы ISO)

 

5-бағыт:Сапаны басқару

5.2. Міндет:Академияның кадрлық әлеуетін дамыту

Күтілетін нәтижелер:

 

2016 жыл

2020 жыл

5.2.1 Академиядағы  штаттындағы ғылыми қызметкерлердің ғылыми дәрежесінің болуы

40%

75%

5.2.2 Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы

40-45 жыл

35-40 жыл

5.2.3 «Болашақ» халықаралық бағдарламасы мен Академияның  штаттық құрамындағы  ғылыми қызметкерлерінің PhDдокторантурасын бітірушілердің үлесі

10%пайызға дейін

 30%пайызға дейін