Жаңалықтар

ISMA Халықаралық мектебінің олимпиадасы
12.02.2018
ISMA Халықаралық мектебінің олимпиадасы

2018 жылғы 11 ақпанда Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейі базасында ISMA Халықаралық мектебінің қалалық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсіміне ISMA Халықаралық мектебінің Астана қаласы бойынша қызметкерлері, олимпиада жеңімпаздары, ата-аналар, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері қатысты.

ISMA Халықаралық мектебінің Астана қаласы бойынша директоры А.Ө.Бектлеуова бұл мектептің ерекшелігі мен білім алушылардың жеткен жетістіктері туралы баяндады.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті А.М.Мамырханова ISMA Халықаралық мектебінің жұмысына табыс тілеп академия атынан алғыс хат тапсырды. Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламамен аяқталды.

тізімге қайтып келу