Жаңалықтар

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің мәжілісі өтті
27.01.2018
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің мәжілісі өтті

2018 жылғы қаңтардың 26-сында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Ғылыми кеңеске Кеңес мүшелері және Академияның қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде Президент Н. Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардың 10-ындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Ұйым жетекшісі Ж. Жылбаев ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары туралы баяндады. Ол Жолдауда заманауи технологиялардың өмірдің барлық саласына – кәсіпорын, қаржы, білім беру салаларына белсенді түрде енгізілуіне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-маңызы болып табылатын білім берудің жаңа сапасына, мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуға аса назар аударылғанын атап өтті. 

Ғалым хатшы М. Мукашева Жолдаудың Білім беру саласына арналған жетінші – «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытына нақтырақ тоқталып, осы бағытта қарастырылған мәселелерді ортаға салды.

Мәжіліске қатысушылар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын бірауыздан қолдап, Жолдауда көрсетілген міндеттерді  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы мақсаттармен ұштастыра отырып жүзеге асыруға  шешім қабылдады. 

тізімге қайтып келу