Жаңалықтар

ШЖМ үшін ресурстық орталықтарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету
2.02.2018
ШЖМ үшін ресурстық орталықтарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету

2018 жылдың 30 қаңтарында  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Павлодар облысының Білім басқармасымен бірлесіп  ресурстық орталықтарда ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылған жұмыс тобының отырысын өткізді. Жұмыс тобының құрамына Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының және Қарағанды облысының білім басқармасының білім беруді дамыту бойынша әдістемелік орталығының  әдіскерлері, ресурстық орталық жұмысына жетекшілік ететін директор орынбасарлары, ресурстық орталықтардың педагогтары шақырылды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ресурстық орталықтарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың стратегиясы айқындалатын болады, IT-технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жағдайындағы ресурстық орталықтың моделі жасалады.

тізімге қайтып келу