Жаңалықтар

«Жеке оқу бағдарламасы – инклюзивті білім беруді дамыту негізі» тақырыбындағы тәжірибелік семинар
22.01.2018
 «Жеке оқу бағдарламасы – инклюзивті білім беруді дамыту негізі» тақырыбындағы тәжірибелік  семинар

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығы және орта білім институтының қызметкерлері 2018 жылғы 19-20 қаңтарда Астана қаласында өткізілген «Жеке оқу бағдарламасы – инклюзивті білім беруді дамыту негізі» тақырыбындағы тәжірибелік  семинарына қатысты. Семинар Білім және ғылым минстрлігі және Сорос-Қазақстан қорының ұйымдастыруымен өткізілді.   Қатысушылар қатарында ҚР БҒМ және ведомстволық бағынышты ұйымдардың өкілдері, мектеп директорлары мен мұғалімдері, білім басқармалары мен бөлімдерінің әдіскерлері, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды.

Литвадан шақырылған сарапшылар іс-шараның спикерлері ретінде өз тәжірибелерімен бөлісті: әлеуметтік ғылым докторы, Шяуляй қ. Университетінің арнайы педагогика кафедрасының профессоры, Кентерберри қаласы (Ұлыбритания) университетінің қауымдастырылған профессоры, «SpecialEducation» ғылыми журналының редакторы, ерте көмек беру мәселелері бойынша сарапшы Стефания Алишаускене және Литвадағы Инновациялық білім беру орталығының директоры, халықаралық тренер Регина Сабаляускене.

Семинардың мақсаты жеке оқу бағдарламаларын оқу процесінде қолдану бойынша Литваның тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ білім алушылардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып жеке оқу бағдарламаларын ҚР жалпы білім беретін мектептерінің оқу процесіне енгізу үшін нормативті-құқықтық және әдістемелік негізін жасау бойынша ұсыныстарды әзірлеу болды.

Семинар жұмысы интерактивті сипатта, тәжірибелік материалдармен танысу және талқылау түрінде өткізіліп, Білім және ғылым министрлігіне инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жобасын әзірлеумен аяқталды. 

тізімге қайтып келу