Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық семинар-кеңес
19.01.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық  семинар-кеңес

2018 жылғы 19 қаңтарда Астана қаласында «НҰР-ОРДА» мектеп лицейінде 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі басым бағыттарын түсіндіру бойынша Республикалық  семинар-кеңес өткізілді.

Республикалық семинар-кеңеске ҚР БҒМ департаменттерінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ, "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының, "Білім-Орда" халықаралық қоғамдық қорының, Ұлттық тестілеу орталығының, "Ұстаз" орталығының өкілдері, сондай-ақ барлық облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының жанындағы әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері және аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері қатысты.

Семинар-кеңестің пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А. Қ. Аймағамбетов қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізгі басым бағыттарына түсініктер берді.

Республикалық семинар-кеңесте оқу жүктемелерін төмендету туралы, педагогикалық кадрларды аттестациялаудың жаңа жүйесі туралы, сандық білім ресурстарын дамыту, мектептерді кеңжолақты интернетке қосу және бейнежабдықтармен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.

Секциялық жұмыс барысында ЖОО-на абитуриенттер қабылдау мен 2018 жылы ҰБТ-ны өткізу, білім алушылардың АКТ-сауаттылықтарын дамыту, білім алушылардың жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу және орта білім беру саласында жеке секторды дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Семинар-кеңеске қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

тізімге қайтып келу