Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық семинар-кеңес
17.01.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық  семинар-кеңес

2018 жылғы 17 қаңтарда Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстары бойынша  Республикалық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңестің  жұмысына  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К Сағадиев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Аймағамбетов, Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ш.Т.Каринова, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының және аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері қатысты.

Семинардың бірінші бөлімінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының және аудандық/қалалық білім бөлімдерінің  басшылары үшін  5 бағыт бойынша секциялар өткізілді. Секцияларда педагог кадрларды аттестациялаудың жаңа жүйесі туралы, ұлттық біліктілік тестілеуі мен  біліктілік деңгейлері бойынша мұғалімдерге санаттарына қарай бойынша үстемеақы төлеу, 2018 жылғы ҰБТ-ны  ұйымдастыру және өткізу, сандық  білім беру ресурстарын дамыту, білім алушылардың  АКТ сауаттылығын дамыту,  білім алушылардың оқу жүктемесін төмендету, критериалды бағалау жүйесін табысты іске асыру шарттары, жан басына шаққандағы білім беруді қаржыландыруды енгізу және орта білім берудегі жеке сектордың дамуы т.б.мәселелер қаралды.

Семинардың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша сөз сөйледі.

Семинар-кеңес барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

тізімге қайтып келу