Жаңалықтар

Болашақтағы білім
30.10.2017
Болашақтағы білім

2017 жылдың 26-27 қазанында Алматыда «Болашақтағы білім беру» форумы өтті.

Форумға 100-ге жуық білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың жетекші өкілдері, инноваторлар мен инвесторлар, білім беру саласының сарапшылары мен мамандары қатысты.Форумдаорта білім беру менжоғары білім туралы екі бағытта секциялар қатарынан өткізілді және мамандандырылған ,мастер кластар мен экскурсияларұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты 2016 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және 2017 жылдың 31 қаңтарында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес білім беру секторын барлық негізгі ұйымдармен және сарапшылармен дамыту перспективаларын талқылау болды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Lincoln Conferences командасы, Қазақстандағы 100-ден астам компаниялар, мемлекеттік органдар және 2011 жылдан бастап бизнестегі тәжірибесі бар қазақстандық компаниялар болып табылады.Пленарлық секция жұмысы «Болашақтың білім 2020» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды.Пленарлық секция жұмысында «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласының жетістіктері мен даму болашағы» тақырыбындаҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директорының орынбасары Кукамбаева Жанат Киреевна және Білім беруді дамыту және зерттеу қауымдастығының президенті - Бота Жуманова «Соңғы 5 жылдағы деректер бойынша визуализация арқылы оқыту» тақырыптарында қатысты.

Татьяна Немцан, Вячеславская орта мектебінің директоры «Оқудың жаңа үлгілері: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы болашақ мектептердің перспективалары» тақырыбында қызықты баяндама жасады.

Сондай-ақ, «Оқудағы жеке траекториялар. Кәсіптік бағдарлау» сұрақтарында «Flow of Kazakhstan» директоры Дмитрий Дмитриевтың және «Жаӊға Ұрпақ» Республикалық жастар даму орталығының бас директоры Асхат Абжановтың «Болашақтың кәсіптерінің интерактивті картасы» мәселелері қызықты және ақпараттандырылған баяндамалар болды.

Жания Адильбек, Finpro Kazakhstan ұйымдастыруымен «Финдік  білім берудің феномены» шеберлік-сыныбы жоғары деңгейде өтті.

«Әдемі» балабақшасына, Tamos Education және «Алматы менеджмент университетіне» экскурсиялар ұйымдастырылды.

Форум туралы ақпарат келесі сілтемеден көруге болады:http://edu2020.kz/-образование будущего.

тізімге қайтып келу