Жаңалықтар

Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-мәжіліс
20.10.2017
Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-мәжіліс

2017 жылғы 19-20 қазан күндері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-мәжіліс өткізді.

Семинар жұмысына облыстардың, Астана және Алматы қалалары Білім басқармалары басшыларының орынбасарлары мен әдістемелік кабинеттерінің басшылары, аудандық/қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері қатысты.

Семинар жұмысының барысында негізгі білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері, білім беру мазмұнын жаңарту және құжаттау аясында оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, ЖҒЦ 4 пәнін ағылшын тілінде оқыту,  үштілді білім беру үлгілері, білім алушыларды критериалды бағалау жүйелерін ойдағыдай іске асыру талаптары, «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің ерекшеліктері, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге арналған негізгі тәсілдер, жаңартылған білім беру мазмұны оқулықтарының ерекшеліктері, «Қоғам және дін» курсын жүргізу (негізгі мектеп бағдарламасына), міндетті мектеп формасын енгізу, өлкетану курсының оқу бағдарламасы туралы, ауылдық және қалалық мектептерде білім сапасын теңестіру мақсатында АКТ-әдістемесін қолдану, «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдану, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жаңа оқу пәнінің ерекшеліктері қарастырылды және талқыланды. 

тізімге қайтып келу