Жаңалықтар

«NURORDA» мектеп-лицейінің және «Spectrum» халықаралық мектебінің мұғалімдерімен STEM бағытында білім беру мәселелерін талқылау
12.10.2017
«NURORDA» мектеп-лицейінің және «Spectrum» халықаралық мектебінің мұғалімдерімен STEM бағытында білім беру мәселелерін талқылау

2017 жылғы 11-қазанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалым хатшысы, Үштілділік білім және Жаңартылған білім мазмұнын тарату Орталықтарының қызметкерлері «NURORDA» мектеп-лицейінің және «Spectrum» халықаралық мектебінің жаратылыстану, математика және информатика пәндері мұғалімдерімен бірге жалпы орта білім беру ұйымдарында STEM бағытында білім беру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында жаратылыстану, математика және информатика пәндері, бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің оқу үдерісінде STEM технологияны қолдану тәжірибесімен, білім мазмұнын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдерімен, оқытудың мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолдарымен және күтілетін нәтижеге талаптарымен бөлісті. Сонымен қатар, STEM бағытындағы оқу үдерісінде ұйымдастырудың маңызды мәселелері, жаңа форматтағы сабақтар туралы сөз қоғады.

тізімге қайтып келу