Жаңалықтар

«Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері»
29.09.2017
«Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері»

2017 жылдың 29-қыркүйегінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ филиалының базасында өткізілген «Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты. Конференция мақсаты білім мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ мұғалімдерінің кәсіби даму мәселелері бойынша тәжірибе алмасуын ұйымдастыру болды. Пленарлық отырыста шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының директоры М. Адамова «ШЖМ білім мазмұнын жаңарту жағдайында: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

Ғылыми-практикалық конференция мақсатына орай негізгі баяндамашылардың материалдары бойынша басым бағыттар анықталып, ұсынымдар әзірленді. 

тізімге қайтып келу