Жаңалықтар

«Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе және отандық практика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
21.09.2017
«Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері:  халықаралық тәжірибе және отандық практика»  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2017 жылғы 21 қыркүйекте Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2017 жылға арналған ҚР БҒМ Операциялық жоспарын іске асыру аясында «Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе және отандық практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына Қазақстанда және шетелде инклюзивті білім беру практикасын ендіріп жүрген мамандар, сарапшылар, ғалымдар, ғылыми қызметкерлер және колледж бен ЖОО оқытушылары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияның панельдік сессиялары барысында инклюзивті білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздері, қоғамды ізгілендіру негізі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуда ғылым, тәжірибе мен қоғамдастықтың өзара тиімді әрекеттесу жолдары талқыланып, орта және кәсіптік білім берудегі инклюзивті процесс дамуының қазақстандық және шетелдік тәжірибесі талданды.

Бірінші панельдік сессияның модераторлары ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің арнайы және инклюзивті білім басқармасының басшысы - Кудеринова Әйгерім Мерекеқызы және «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ мектепте  арнайыбілім беру зертханасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты - Елисеева Ирина Геннадьевна болды.

Екінші панельдік сессияның барысын Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің инклюзивті білім беру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, доцент - Хитрюк Вера Валерьевна және «Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығы» ЖШСБас директордың оқу және әдіснамалық жұмыс бойынша орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты - Халықова Бағлан Сансызбайқызы жүргізді.

Сондай-ақ, Білім беру және бала құқықтарын қорғау бойыншаЮНИСЕФ үйлестірушісі -Татьяна Адерихина, Сорос-Қазақстан Қорының қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісіКаликова Сәуле Аманжолқызы, мінез-құлық талдаушылары Халықаралық Қауымдастығының мүшесі- Марина Азимова (АҚШ), «Дара» жекеменшік қорының өкілі -Сұлтанова Әлия, «Синерджи»ғылыми-оқыту қорының жетекшісі- Нысанов Адэль және басқа қатысушылардың баяндамалары үлкен қызығушылық туғызды.

Конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар жобасы әзірленді.

Конференция қатысушыларының презентацияларымен осында танысуға болады. 

тізімге қайтып келу