Жаңалықтар

«Тіл – тәуелсіздік тұғыры атты» дөңгелек үстел
15.09.2017
«Тіл – тәуелсіздік тұғыры атты» дөңгелек үстел

2017 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласындағы № 58 мектеп-гимназияның 10 жылдық мерейтойы аясында  Білім басқармасы мен аталған мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен «Тіл – тәуелсіздік тұғыры атты» дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының,  Мемлекет тарихы институтының, «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен Астана қаласы мектептерінің директорлары, тіл мамандары мен тарихшылар қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының директоры Қайыржан Алдашұлы Рахымжанов «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірлерін ортаға салып, жан-жақты талқылау жүргізді.

тізімге қайтып келу