Жаңалықтар

«Ата-ана – педагог - сарапшы» ашық диалогы
7.09.2017
«Ата-ана – педагог - сарапшы» ашық диалогы

2017 жылғы 2 қыркүйекте  ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы № 77 мектеп-гимназиясының базасында  «Ата-ана – мұғалім - сарапшы» ашық диалогы форматында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының өкілдері, оқулық авторлары мен сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - ата-аналар жұртшылығына жаңартылған білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, білім алушыларды критериалды бағалау туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті М.Е. Мукатова мен Орта білім институтының директоры Қ.А. Рахымжанов ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламалар бойынша пікір алмасты. 

тізімге қайтып келу