Жаңалықтар

Білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудағы негізгі басымдылықтар
24.08.2017
Білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудағы негізгі басымдылықтар

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  аға ғылыми қызметкері  Жұманова  Сара Сейітқызы  2017 жылдың  24 тамызында Астана қаласының  Білім басқармасының  ұйымдастыруымен қалалық тамыз кеңесі  шеңберінде  «Білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы негізгі басылымдықтар» тақырыбында өткізілген секция жұмысына қатысып, «Үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік  стандарты (жоба)»  дәріс оқыды. 

Секция жұмысында зерттеу үдерісін жоспарлау, жаңартылған білім беру жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақты жоспарлау ерекшеліктері  талқыланды. Соынмен қатар, шеберлік сыныптар, тренингтер өткізілді. Секция жұмысының қорытындысы  бойынша әдістемелік ұсынымдамалар қабылданды. 

тізімге қайтып келу