Жаңалықтар

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған өңірлік секция жұмысы
21.08.2017
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған өңірлік секция жұмысы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  қызметкерлері 2017 жылғы 15 тамызда Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында білім беру қызметкерлерінің өңірлік тамыз кеңесі аясында «Бірге оқимыз: жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында мұғалімдерді әдістемелік қолдау» тақырыбында өткізілген бастауыш мектеп мұғалімдерінің секция жұмысына қатысты. 

Секция жұмысында  білім мазмұнын қалыптастырудағы жаңа көзқарас, оқытудың мақсаттары, күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар, сонымен бірге, жаңа форматты қазіргі заманғы сабақта оқу процесін ұйымдастырудың ең маңызды мәселелері, инновациялық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

Пилоттық мектеп мұғалімдері, Педагогикалық шеберлік орталықтарының тренерлері шеберлік сыныптарын, тренингтер, практикалық сабақтарды ұйымдастырды.

Академия қызметкерлері 2017-2018 оқу жылында оқу процесінің ұйымдастырылуына қатысты мәселелер бойынша талқылауға қатысып, педагогтардың сұрақтарына жауап берді. 

тізімге қайтып келу