Жаңалықтар

«Білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларға білім берудің теориясы мен тәжірибесіндегі өзекті мәселелер» атты секциялық отырыс
18.08.2017
«Білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларға білім берудің теориясы мен тәжірибесіндегі өзекті мәселелер» атты секциялық отырыс

2017 жылғы 16 тамызында Қарағанды қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі метепке дейінгі және орта білім беру департаменті, ҚР Білім және ғылым министрлігі Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырған республикалық тамыз педагогикалық конференциясы шеңберіндегі «Білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларға білім берудің теориясы мен тәжірибесіндегі өзекті мәселелер» атты секциялық отырысы өтті.

Берілген форумның негізгі мақсаты білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларға арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жеткіншектерді кәсіптік еңбекке дайындаудың өзекті мәселелерін шешудің стратегияларын жасау, арнайы білім беру саласына педагогикалық кадрларды даярлау, білім беру қызметінің сапа мониторингі мәселелері болды.

Секцияның жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры міндетін атқарушы Исмагулова С.К., Орталықтың аға ғылыми қызметкері Зарубаева Б.М. қатысты.

Форум қатысушыларымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының инклюзивті білім беру саласындағы міндеттерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасалды.

тізімге қайтып келу