Жаңалықтар

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
11.08.2017
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Жалпы орта білім беру ұйымдарын 2017-2018 оқу жылына дайындау және іске асырылатын өзгерістер мәселелері бойынша «Қаржы орталығы» базасында 2017 жылдың 11 тамызда  селекторлық режимде онлайн кеңесі өтті.
Кеңестің жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Оқулық» республикалық ғылыми практикалық орталығы, "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы, республикалық «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»  РМҚК басшылары мен мамандары қатысты.  
Кеңесті кіріспе сөзбен ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ш.Т.Каринова ашты.
Онлайн режимдегі селекторлық кеңесте:
-   Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуді ұйымдастыруда енгізілген өзгерістер;
- 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат;
- Жаңартылған орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
-  Жаңартылған білім мазмұны шеңберіндегі критериалды бағалау жүйесі;
-  Үш тілді білім беру;
-  Инклюзивті білім беру;
-  Қосымша білім беру;
- Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Өлкетану» курсын жүргізу ерекшеліктері қаралды.
Кеңеске облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшылары мен орынбасарлары, мамандары, әдістемелік кабинет жетекшілері мен әдіскерлері қатысты.
Кеңес барысында келіп түскен сұрақтарға қатысушылар тарапынан нақты жауаптар берілді.
тізімге қайтып келу