Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ОҢТҮСТІК КАВКАЗ ЕЛДЕРІ БАЛАЛАРЫНЫНЫҢ МҮДДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ҚАУІП-ҚАТЕР ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМДЕРДІ БАСҚАРУ
10.07.2017
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ОҢТҮСТІК КАВКАЗ ЕЛДЕРІ БАЛАЛАРЫНЫНЫҢ МҮДДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ҚАУІП-ҚАТЕР ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМДЕРДІ БАСҚАРУ

2017 жылдың 4 және 7 шілде аралығында Бішкек қаласында Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері балаларының мүддесіне арналған қауіп-қатер тәуекелдерін азайту саласындағы семинар өтуде.

Семинардың мақсаты төтенше жағдайға дайындық және қауіп-қатер тәуекелдерін азайту бойынша іс-шараларды жүргізуге арналған бағдарламалар мен жоспарларға қосылатын іс-әрекеттерді анықтау мақсатында, гендерлік аспектілерді есепке ала отырып, қауіп-қатер тәуекелдерін азайту саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелермен және негізгі тәсілдермен таныстыру болып табылады.

Семинарға Грузия, Армения, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, Сербия Үкіметі қоғамдық инвестициялар менеджменті бойынша басқармасының заң кеңесшісі, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан Төтенше жағдайлар бойынша министрліктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар бойынша комитетінің өкілдері, Тәжікстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша орталық комитетінің, ECHO, UNISDR, UNICEF, DIPECHO, ПРООН, GERMAN RED CROSS, IFRC, RED CRESCENT SOCIETY OF KYRGYZSTAN және т.б. халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Семинар барысында Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Қалыс Ахматов, Шығыс, Оңтүстік-шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша ЕСНО аймақтық кеңсесінің өкілі Сильви Монтебо Джамал алғы сөз сөйледі.

Семинар қатысушылары қауіп-қатер тәуекелдерін азайту бойынша аймақтық және жалпы ағымдық жағдайды талқылап, алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, сонымен қатар, төтенше жағдай кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін тұрғындарға үйрету бойынша жұмыстарды әрі қарайғы жетілдіру жолдарын қарастырады.

Қазақстан Республикасы тарапынан семинарға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар бойынша Комитеті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар және қауіп-қатер тәуекелдерін азайту бойынша орталық, Қазақстан Ресупбликасындағы «ЮНИСЕФ» кеңсесі қатысуда.

Семинар қатысушылары қауіп-қатер тәуекелдерін азайту бойынша өз елдерінің негізгі табысты тәжірибелері және жетістіктерімен бөлісіп, білім беруге қауіп-қатер тәуекелдерін азайту компоненттерінің тұрақты интеграциялану процесі және ең үлкен әсер ету деңгейіне жету бойынша келешекке арналған жоспар және стратегиялардың қиыншылықтарын талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша білім берудегі қауіп-қатер тәуекелдерін азайту бойынша қалыптасқан жоспарлар мен тәжірибелерді жетілдіруге арналған негізгі бағыттарды анықтау, климат өзгерісіне бейімдеу, (БҰҰ, ҮЕҰ) серіктестер қолдауын анықтау және т.б. жоспарлануда.

тізімге қайтып келу