Жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесінің инновациялары мен технологиялары, жаңашыл идеяларын еліміздің білім беру жүйесіне интергациялау
5.07.2017
ЭКСПО-2017 көрмесінің инновациялары мен технологиялары, жаңашыл идеяларын еліміздің білім беру жүйесіне интергациялау

31 маусым мен 2 шілде аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері инфрақұрылымнан энергетикаға дейінгі барлық аспектілерді қамтитын, сонымен қатар, робототехниканы дамыту, STEM-білім беру бағдарламаларын енгізу, алдыңғы қатарлы smart-шешімдер жүзеге асырылған,«жасыл технологиялар» саласындағы ұсынылған өнімдер мен инновацияларды, баламалы энергетиканы дамыту тәжірибесін, жаңғыртылатын энергия көздерін және әлемнің «ақылдықала», «ақылды ғимарат», «ақылды сынып» үлгілерін зерттеу мақсатындаҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жұмыс тобы құрамында халықаралық мамандандырылған Астана «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесін аралады.

Жұмыс тобы көрмені аралау барысында әлем елдерінің халықаралық көрмеде ұсынған жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жаңа бастамаларын және білім беру саласындағы танымал брендттері мен инновацияларын зерделеді.

Германия, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Жапония, Финляндия, Польша Республикаларының павильондарындағы қазіргі заманғы мәселелерді шешудің негізгі жолдарын, оның ішінде, жаңғыртылатын энергия көздеріне көшу және қоршаған ортаны сақтау, сонымен қатар, өз елдеріндегі білім беру жүйелерінің бағытын көрсеткен экспонаттар қызығушылық тудырды.

Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, Астана ЭКСПО-2017 көрмесібілім беру жүйесіндегі қоршаған ортаны сақтау және жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануды, сонымен қатар, аталған бағыттардың білім беру процесіне интеграциялануын дәріптеуге негіз болып табылады.

Халықаралық көрмені аралау қорытындысы бойынша Жұмыс тобы әлемнің түрлі елдерінің ұсынғанөнімдері мен инновациясынеліміздің білім беру жүйесіне интеграциялау бойынша ұсынымдар әзірледі.

тізімге қайтып келу