Жаңалықтар

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының дене шынықтыру және спорт өңірлік орталықтарының басшылары және әдіскерлерінің қатысуымен мектептің дене шынықтыру пәнінің дамуы туралы мәселелер бойынша республикалық кеңес өткізілді
3.07.2017

2017 жылғы 30 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында Оқушылар сарайының базасында облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының дене шынықтыру және спорт өңірлік орталықтарының басшылары және әдіскерлерінің қатысуымен   мектептің дене шынықтыру пәнінің дамуы туралы мәселелер бойынша республикалық кеңес өткізілді.

Кеңестің жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Жахин Қ.Е., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының директоры Рахмыжанов Қ.А. және ағы ғылыми қызметкер С.Қ. Көптілеуова қатысты.

Республикалық кеңеске қатысушылардың алдында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері С.Қ, Көптілеуова «Білім мазмұнын жаңарту аясында 10-11-сыпытарған арналған «Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламасының ерекшеліктері туралы» баяндама жасады.

Кеңеске қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. 

тізімге қайтып келу