Жаңалықтар

«Ұлы Даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» халықаралық ғылыми конфренциясы
23.06.2017
«Ұлы Даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» халықаралық ғылыми конфренциясы

2017 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға арналған «Ұлы Даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» халықаралық ғылыми конферециясын өткізді.

Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктер басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, ҚР білім және ғылым министрлігінің, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылар, ЖОО прфессор-оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Кәсіптік білім бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Т.Қайыпбаева қатысты. 

Конференция жұмысы барысында отандық және шетелдік ғалымдар пленарлық және секциялық мәжілістерде Ұлы Далада өмір сүрген қазақ халқының рухани даму ерекшеліктері, тарихи сана қалыптастырудағы қоғамдық ғылымдардың рөлі туралы мәселелерді талқылап, Елбасының республика халқына ұсынған қоғамдық сананы жаңғырту идеясының өзектілігін атап көрсетті.

Конференция жұмысы:

- Бұқаралық ақпарат құралдарының және электронды құралдардың мүмкіндіктерін пайдала отырып,  қоғамтанушы ғалымдар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы идеяларын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жандандыру;

- Тәуелсіз Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұраларын сақтау және дамыту рухында тарих және қоғамдық ғылым өкілдерін жұмылдырудың тиімді жолдарын анықтау туралы ұсыныстармен қорытындыланды.

тізімге қайтып келу