Жаңалықтар

«Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту шартының бірі ретінде үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандарт бойынша оқу нормасы» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстел
15.05.2017
«Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту шартының бірі ретінде үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандарт бойынша оқу нормасы» тақырыбында  Республикалық дөңгелек үстел

2017 жылғы 12 мамырда С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы ғимаратында  «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту шартының бірі ретінде үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандарт бойынша оқу нормасы» тақырыбында  Республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім  департаментінің бас маманы Ш.Е.Қасымова және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қоғамдық-гуманитарлық білім зертханасының меңгерушісі Б.М. Мұхатаева, облыстық білім басқармасының мектеп бөлімдерінің жетекшілері, мамандары, оқулықтың мазмұны және оқулықпен қамтамасыз ететін жауапты мамандар, әдіскерлер, кітапханашылар, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы аясында  Ұлттық білім академиясы қоғамдық- гуманитарлық білім зертханасының меңгерушісі  Б.М. Мұхатаева «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектеп деңгейлерінің оқыту тілдері бойынша оқу нормативтері бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында  баяндама жасады.

 Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдамалар қабылданды. 

тізімге қайтып келу