Жаңалықтар

Шағын жинақты мектептерді дамыту жобасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық
26.04.2017
Шағын жинақты мектептерді дамыту жобасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық

Қызылорда облысында «Қолданыстағы және жаңартылған бағдарламалар бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарындағы оқу процесін ұйымдастыру механизмі» пилоттық жобасы бастау алды. Жобаны жүзеге асыруға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Қызылорда облысының білім басқармасы қатысуда.

Жобаның мақсаты– білім берудің жаңа стандарттарына көшу аясында шағын жинақты мектептерге кешенді қолдау көрсету.

2017 жылдың 24-28 сәуір аралығында облыстық оқу орталығының базасында «Шағын жинақты мектепте білім мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы жұмыс семинары жүргізілуде, қатысушылар бастауыш және негізгі орта буын деңгейінде қолданыстағы және жаңартылған оқу бағдарламаларын ШЖМ біріктірілген сыныптарына арнап бейімдеуге және әзірлеуге кірісті.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері  Мухамедханова А.К. және Адамова М.Е., облыстық оқу орталығының директоры Асқаров С.Қ. алғы сөз айтып, семинарды ашып берді.

Семинар барысында Қызылорда облысының шағын жинақты мектептерінің (№154, 84, 243, 115, 255, 258, 72), пилоттық мектептерінің («Мұрагер» №2, №31) және жалпы орта мектептерінің (№198, 211, 144, 172) педагогтарының қатысуымен бастауыш және негізгі орта буын оқу пәндері бойынша жұмыс тобы құрылды, олар шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарына арналған ұзақ мерзімді және орта мерзімді сабақ жоспарларын әзірлеуге қатысуда.

Семинар қатысушылары Қызылорда облысының шағын жинақты мектептерінің жағдайына мониторинг жүргізу,  ШЖМ қолдаудың кешенді жобасын әзірлеу, өңірде ШЖМ дамытудың бірнеше моделін жасау туралы ұсыныстарды талқылады. 

тізімге қайтып келу