Жаңалықтар

«Білім беру мазмұнының жаңаруы аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» семинар-практикумы
20.04.2017
 «Білім беру мазмұнының жаңаруы аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» семинар-практикумы

2017 жылы 19 сәуірде Қарағанды гуманитарлық колледжі базасында «Білім беру мазмұнының жаңаруы аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» семинар-практикумы өтті.

Семинар жұмысына «Кәсіпқор холдингі» комерциялық емес акционерлік қоғамы ТжКБ оқу әдістемелік бірлестік басқармасының бас менеджері Г.Т. Бегалиева,  Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ә.А.Еставлетова, «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология», «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша әдіскерлер мен оқытушылар, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері: Үштілді білім беру орталығының директоры – Л.С.Сырымбетова және Кәсіптік білім беру орталығының директоры - А.Е. Абылгазина қатысты.

Семинар барысында жұмыс тобы мүшелерімен білім мазмұнын жаңарту жағдайында өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша типтік оқу бағдарламалары және оқу құралдары қарастырылды. 

тізімге қайтып келу