Жаңалықтар

Шағын жинақты мектептерді дамыту бағытындағы ынтымақтастық
7.04.2017
Шағын жинақты мектептерді дамыту бағытындағы   ынтымақтастық

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА 2017 жылдың 7 сәуірінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының құрылымдық бөлімшесінде «Қазақ мектебінің даму мәселесі» зертханасының ұйымдастыруымен «G-global» коммуникативті алаңында өткізілген «Жоғарғы оқу орындары мен ресурстық орталықтардың шағын жинақты мектептердегі білім нәтижесіне ықпалы» тақырыбындағы Халықаралық  ON-LINE семинарға қатысты. Семинарға Моңғолия, Қазақстан, сондай-ақ білім басқармаларының және Алматы, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарының оқу-әдістемелік орталықтарының өкілдері қатысты.        

Семинар оқытудың инновациялық әдістерін қазіргі білім беруде, соның ішінде ШЖМ жағдайында қолдану мүмкіндіктеріне, сондай-ақ желілік байланыс арқылы ШЖМ оқушыларын әлеуметтендіру мәселелеріне арналды. Академия қызметкерлері Мұхамедханова А. К., Абылғазина А. Е., Адамова М.Е., Ахметова Б. С. талқылауға қатысып, сабақтас мамандықтар бойынша дайындау және жаңартылған білім мазмұны бойынша  дайындауды олардың оқыту бағдарламаларына енгізу қалай қолға алынып жатқандығы жайында пікір алмасты. Республиканың білім ұйымдарына шағын жинақты мектептерді дамыту бағытында академия қолға алып жатқан өзекті жобаларға қатысу ұсынылды.             

тізімге қайтып келу