Жаңалықтар

Техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мәжілісі
3.04.2017
Техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мәжілісі

2017 жылғы 31 наурызда Кокшетау қаласында техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (бұдан әрі - РОӘК) мәжілісі болды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан мәжіліске РОӘК мүшесі, кәсіптік білім орталығының директоры А.Е.Абылгазина қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде:

1)  Мемлекеттік жылпығаміндетті білім беру стандарты жобасын қарау;

2)  Оқытудың модульдік технологиясы бойынша үлгілік оқу жоспарының және үлгілік оқу бағдарламаларының макетін қарастыру;

3) Астана қаласындағы политехникалық колледжіндегі дуалды оқыту бойынша эксперимент нәтижелері туралы есеп;

4)  Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орандарының оқу процесіне енгізуге арналған оқу әдебиеттері тізімін қарастыру;

5)  Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің қолданбалы бакалавриат бойынша эксперимент нәтижелерінің есебі қаралды.

Мәжіліс соңында РОӘК мүшелерімен ұсынымдамалар қабылданды.

тізімге қайтып келу