Жаңалықтар

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру бойынша республикалық онлайн-конференциясы
31.03.2017
 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру бойынша республикалық онлайн-конференциясы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2017 жылғы 31 наурызда білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру бойынша республикалық онлайн-конференциясын өткізді.

Онлайн-конференциясының жұмысына Қ.Р. Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Білім және ғылым министрлігі, аймақтық білім басқармалары (аудандық/қалалық ОБ) өкілдері, 463  білім беру ұйымдарынан мектеп директорлары, олардың оқу ісі және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, сынып жетекшілері, мұғалімдер мен әдіскерлер қатысты. 

Конференцияны кіріспе сөзбен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президентіЖ.О.Жылбаев ашты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.В. Жумадильдаева «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея мен Патриоттық Актінің құндылық негіздері» тақырыбына баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Т. Телебаевтың баяндамасы өскелең ұрпақты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында қазақстандық біртектілік принциптерінде  тәрбиелеу мәселелеріне арналды.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын мектептің педагогикалық процесінде өзектендіру» ― Астана қаласындағы Ә. Марғұлан атындағы №40 орта   мектептің директоры Е.І. Іргебайдың баяндамасының тақырыбы.

Конференцияда қаралып отырған мәселені аймақтардан қатысушылар қызу талқылады. Алматы қаласындағы №133 мектептің директоры Н.Ж. Адамов,  Петропавл қаласындағы Балалар үйі  директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ж.А. Ғабдулина, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Ж. Нұржанова және т.б. білім алушыларды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары негізінде тәрбиелеу тәжірибесін ортаға салды, мектептің оқу-тәрбие ісінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея мен Патриоттық Актіні өзектендіру бойынша нақтылы ұсыныстар жасады.

Республикалық онлайн-конференциясының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру бойынша ұсынымдары қабылданды.

Баяндамалар қоса беріліп отыр.

тізімге қайтып келу